2024 жылдың 20-24 мамыр аралығында Алматы қаласында Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығының базасында Quan TB құралын пайдалана отырып, туберкулезге қарсы препараттарының қажеттілігін есептеу бойынша семинар өткізілді, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жөніндегі ұлттық және өңірлік үйлестірушілердің қатысуымен іске асырылды.
Астана қаласы әкімдігінің «Қалалық фтизопульмонологиялық орталығы» ШЖҚ МКК қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы АНОНС
2024 жылғы 03 маусымнан бастап 2024 жылғы 15 шілдеге дейін Астана қаласы әкімдігінің «Қалалық фтизопульмонологиялық орталығы» ШЖҚ МКК сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетін болады.
Орталық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:
1) орталықтың қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2) орталықтың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
2024 жылғы 14-16 мамырдан бастап Алматы қаласында 2023-2025 Ж.Ж. Жаһандық қордың жобасы шеңберінде облыстардың ҰҒФО/ ОФО/ ҚФО аМБЛ бойынша жауапты мамандарға арналған «ҚР туберкулезге қарсы бағдарламасындағы аМБЛ өзекті мәселелері» тренингі өтті.
Тренинг барысында тәжірибеде аМБЛ жүргізу, туберкулезді емдеудің тиімділігіне аМБЛ әсері, ДТ ТБ; ДЗ-да перифериялық жүйке жүйесі тарапынан НЯ дамыту, ЖҚ алдын алу; НРБТ-мен ЖҚ бойынша есептер, мекемелер бойынша ай сайынғы талдау (ТАҰТ, КМАЖ); аМБЛ бойынша ЖҚ жауапты маманның рөлін күшейту талқыланды.
Тренинг жұмысына Астана қ. ҚФО аМБЛ бойынша жауапты маман Марина Владимировна Куц қатысты. Семинарға қатысушылар басқа өңірлердегі әріптестерімен тәжірибе алмасты.
Астана қаласының Қалалық фтизиопульмонология орталығында 2024 жылғы 13 мамырда медбикелер күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Кәсіби мерекелеріңіз құтты болсын!