60-71-22
АНЫҚТАМА
109
CALL CENTER
А1 к., 5 құрылыс
ЖМ "Железнодорожный"

2024 жылдың 31 мамырында «Астана қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» ММ басшысы А.Ш.Рүстемованың төрағалық етуімен  және ҚР ДСМ ҰҒФО директоры М.М.Аденовтың қатысуымен офлайн және онлайн форматта сапар қорытындысы бойынша кеңес өткізілді.

 Кеңеске АМСК медициналық ұйымдарының бірінші басшылары, фтизиатрлар, фтизиопедиатрлар, туберкулез бойынша үйлестірушілер қатысты.

Кеңесте елордадағы туберкулездің ауыртпалығын төмендетуге бағытталған іс-шаралар бойынша нақты шешімдер қабылданды, проблемалық мәселелер талқыланды, жетістіктер атап өтілді.

2024 жылдың  27-31 мамыр аралығында Астана қаласында ҚР ҰҒФО және ЖҚ МРК  ұлттық мониторинг және бағалау тобының сапары өтті.

Апта ішінде АМСК, көп бейінді стационарлар, акушерлік блок, №64 мекеме (тергеу изоляторы ) және ҚФО деңгейінде туберкулезге қарсы іс-шаралардың іске асырылуын бағалау жүргізілді.

2024 жылдың  27-31 мамыр аралығында Астана қаласында ҚР ҰҒФО және ЖҚ МРК  ұлттық мониторинг және бағалау тобының сапары өтті.

Ұлттық мониторинг және бағалау тобының жетекшісі Г.Д.Алгазиева, сондай-ақ топ мүшелері: О.Г.Приходченко, Г.Д.Раимова, А.Я.Аубакиров, А.Б.Коптлеуова, ҚР ДСМ «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» филиалының эпидемиолог дәрігері А.М.Тулеуов

Астана қаласы әкімдігінің «Қалалық фтизиопульмонологиялық орталығы» ШЖҚ МКК Байқау кеңесінің үшінші отырысы 2024 жылдың 29 мамырында сағат 11-де Астана қаласы, А1 көшесі, 5-ғимарат, Б блогы мекен-жайы бойынша «Zoom» платформасы арқылы онлайн режимде өтті

Отырыстың күн тәртібі:

  1. Астана қаласы әкімдігінің «Қалалық фтизиопульмонологиялық орталығы» ШЖҚ МКК даму жоспарының жобасын қарау және келісу, сондай-ақ оны 2024 жылдың 1-жартыжылдығында нақтылау туралы(баяндамашы директордың экономикалық және әкімшілік-шаруашылық қамтамасыз ету жөніндегі орынбасары С.Б. Хамитова).
  2. 3-тараудың 11-тармағының 5), 6), 7), 8), 9), 11) және 14) тармақшаларында көзделген қызмет түрлері бөлігінде, Кәсіпорынның Жарғысын қарау және келісу түзету енгізу туралы (баяндамашы -Кәсіпорынның комплаенс кофицері Е.В.Крат).

Талқылаулардан кейін күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.

new2.png
ҚАЛАЛЫҚ ФТИЗИОПУЛЬМОНОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ
Пациенттерді қолдау қызметі: 607-118
gcf.astana@mailto.kz
© Copyright 2024 DESIGN BY SITE-PRO.KZ. All Rights Reserved.