60-71-22
АНЫҚТАМА
109
CALL CENTER
А1 к., 5 құрылыс
ЖМ "Железнодорожный"

16.08.2024 ж. - жоспарланған ZOOM конференциясы өтті (Global Fund TB ұйымдастырушысы), тақырыбы: «Серіктестік күші: түбіркүлезді және АИТВ-ны бірге жеңу».

Түбіркүлез және АИТВ-инфекциясы - әлемдегі тұрғындар өлімінің жетекші себептерінің бірі болып табылады. Қазақстанда түбіркүлезбен ауыратын науқастар санының айтарлықтай төмендеуі аясында соңғы 10 жылда АИТВ жұқтырғандар санының өсуі байқалады. АИТВ - инфекциясымен (АИТВ) өмір сүретіндер санының артуы диагнозды анықтауды қиындатады және түбіркүлезді емдеудің тиімділігін төмендетеді, әсіресе АИТВ - инфекциясымен өмір сүретіндер АИТВ антиретровирустық терапиядан (АРТ) бас тартқан жағдайларда бұл күрделі ауыр ағымға және өлімнің басталуына әкеп соғады. АРТ АИТВ-мен ауыратын адамдар арасында түбіркүлездің алдын - алудың негізгі құралы болып табылады, тіпті АИТВ-инфекциясын емдеу қол жетімді болса да, түбіркүлездің даму қаупі жоғары.

2024 жылдың 14 тамызында жоспарланған ZOOM конференциясы өтті (ұйымдастырушы NNCFRK, Алматы қ.), тақырыбы: «2024 жылдың  7 айы ішінде Астана қаласы бойынша қашықтықтан мониторинг жүргізу және бағалау есебі», онда 2024 жылдың 7 айы ішінде түбіркүлезге қарсы бағдарламаның  индикаторларын  орындау нәтижелері бойынша жетістіктерге талдаулар ұсынылды (түбіркүлездің сырқаттануы және таралуы, балалардың түбіркүлезбен сырқаттануы, түбіркүлездің дамыған жағдайлары, флюорография әдісімен тәуекел топтары арасында түбіркүлезді анықтау, түбіркүлез инфекциясын профилактикалық емдеумен қамту, түбіркүлезді емдеудің тиімділігі).

2024 жылдың 10 тамызы мен 11 тамыз аралығында кесте бойынша жылжымалы Флюро қондырғылары жұмыс істеді, яғни №5 ҚЕ- Қамқор базары (қамту-60 адам); №9 - ҚЕ-«Заречный»тұрғын алабы(қамту-129 адам, екі күн ішінде); №10-ҚЕ - «Жібек жолы» СОО, Қосшығұлұлы көшесі бойынша 11,12 тұрғын үй кешендері (қамту-62 адам).

Тұрғындар арасында түбіркүлездің алдын-алу және ерте анықтау бойынша ауқымды түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, түбіркүлез мәселелері бойынша ақпараттық - білім беру материалдары таратылды. «Санат Әлеми» ҮЕҰ және №5,9,10 АҚСМ үйлестірушілерінің қатысуымен түбіркүлез мәселелері бойынша тұрғындардың хабардарлығын білуге сауалнама жүргізілді. Екі күн ішінде 251 адам тексерілді.

03.08.2024 ж. кесте бойынша 8-БП аумағында жылжымалы Флюор қондырғысы жұмыс істеді. Жатақхана тұрғындары үшін туберкулездің алдын алу және ерте анықтау бойынша үлкен түсіндіру жұмыстары жүргізілді Бейсеков көшесі бойынша 4/4, 5/1, 5/3, 7/8, 9/4, 9/5, 16/2, "Санат әлемі" ҮЕҰ күштерімен және 8 БП қызметкерлерімен. Жұмыс барысында 46 тұрғынға тексеру жүргізілді.

2024 жылдың 25 шілдесінен бастап "Тоқта туберкулез!"МСАК ұйымдарының, қалалық фтизиопульмонология орталығының және "Санат әлемі" ҮЕҰ қолдауымен Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бастамасымен Астана қаласы бойынша "Қазақстандағы Туберкулезді тоқтатайық"серіктестігі аясында.

Акция барысында 2024 жылғы 25 шілдеден 20024 жылғы 30 қарашаға дейін кесте бойынша қаланың сауда орталықтарында, базарларында, кәсіпорындары мен тұрғын үй кешендерінде жылжымалы флюорографтар орнатылып, туберкулездің алдын алу және ерте анықтау бойынша үлкен түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. 

Елордамыз бен Қазақстанды туберкулезден арылту, яғни, эпидемия ретінде туберкулезді жою мақсатына жету үшін әркімнің белсенді әрекетке дайын болуы, сауатты және өзіне және айналасындағыларға бей-жай қарамауы маңызды.

new2.png
ҚАЛАЛЫҚ ФТИЗИОПУЛЬМОНОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ
Пациенттерді қолдау қызметі: 607-118
gcf.astana@mailto.kz
© Copyright 2024 DESIGN BY SITE-PRO.KZ. All Rights Reserved.