Астана қаласы әкімдігінің «Қалалық фтизиопульмонология орталығы» ШЖҚ МКК Байқау кеңесінің бірінші отырысы 2025 жылғы 30 қаңтарда сағат 15.00-де «Zoom» платформасы арқылы онлайн режимде Астана қаласы, А1 көшесі, 5-ғимарат, Б блогы мекенжайы бойынша өтті.
Отырыстың күн тәртібі:
- Астана қаласы әкімдігінің «Қалалық фтизиопульмонология орталығы» ШЖҚ МКК сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-офицер лауазымына үміткерлерді қарау және Байқау кеңесінің шешімін анықтау туралы (баяндамашы директор - А. Цепке);
- Астана қаласы әкімдігінің «Қалалық фтизиопульмонология орталығы» ШЖҚ МКК сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-офицерінің өкілеттік мерзімін және еңбекақысын белгілеу туралы (баяндамашы директор - Цепке А.Б.).
Талқылаудан кейін күн тәртібінің барлық мәселелері бойынша тиісті шешімдер қабылданды.
29.01.25ж. ҚРДСМ2024жылдыңқорытындысыбойынша-туберкулездің эпидемиологиялық жағдайы бойынша кеңесөткізді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығының директоры М.М. Аденов ҚР бойынша - эпидемиологиялық жағдай, туберкулез бойынша негізгі индикаторлар мен көрсеткіштер бойынша облыстар мен Республикалық маңызы бар қалалардың рейтингі туралы баяндады.
Сондай-ақ, ҚР Бас санитарлық дәрігері С.С. Бейсенова халық арасында, туберкулез ошақтарында алдын алу шараларының жай-күйін атап өтті. Кеңеске Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының, сондай-ақ облыстар мен Республикалық маңызы бар қалалардың ЕЭК басшылары қатысты.
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 17.12.2024 ж. хаттамалық тапсырмасын орындау мақсатында 2025 жылғы 1-10 қаңтар аралығында туберкулез ошақтарында профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралар бойынша жедел штаб өткізілді.
Астана қаласы әкімдігінің "Қалалық фтизиопульмонология орталығы" ШЖҚ МКК, 2025 жылғы 22 қаңтар айында № 7 қалалық емханада туберкулез саласындағы адвокатура, коммуникация және әлеуметтік жұмылдыру жөніндегі іс - шаралар шеңберінде АМСК профилактикалық бөлімшелерінің меңгерушілері мен АБӘЖ бойынша жауапты тұлғалардың қатысуымен семинар - кеңес өткізді.