60-71-22
АНЫҚТАМА
109
CALL CENTER
А1 к., 5 құрылыс
ЖМ "Железнодорожный"

17.04.2024ж. Қалалық фтизиопульмонология орталығының базасында 2024 жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойынша балаларда туберкулезге қарсы іс-шаралар өткізу мәселелері бойынша АМСК балаларында фтизиопедиатрлардың және туберкулез бойынша үйлестірушілердің қатысуымен кеңес өткізілді.

Кеңесте жасөспірімдер арасында туберкулезбен сырқаттанушылық, белгіленген мерзімде флюороскринингтің уақтылы анықталуы және туберкулинопозитивті балаларды толық тексеру мәселелері қозғалды.

Кеңесте Астана қаласында туберкулездің ауыртпалығын төмендетуге бағытталған іс-шаралар бойынша нақты шешімдер қабылданды.

Астана қаласының қалалық фтизиопульмонология орталығының қызметкерлері қаланың медициналық стационарларының қызметкерлері үшін туберкулезді ерте диагностикалау бойынша - дәрігерлердің сергектігін арттыру үшін семинарлар өткізді.

Айлық шеңберінде жекелеген стационарларда туберкулездің алғашқы белгілері, уақтылы емдеудің тиімділігі, темекі шегуден, есірткіден, алкогольден бас тартуды, ұтымды тамақтану мен дене белсенділігін сақтауды қоса алғанда, профилактикалық іс-шаралар туралы халықтың хабардарлығын арттыру мақсатында Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күніне арналған Ашық есік күнін өткізуге қатысты.

12.04.2024 ж. «2024 жылы туберкулезді бақылау саласында салауатты өмір салтын насихаттау жөніндегі қызметтер» Астана қ. ҚДБ Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысын (МӘТ) іске асыру шеңберінде «дөңгелек үстел» өткізілді.

Астана қ. ҚДБ өкілдері, қалалық фтизиопульмонология орталығының өкілдері, 15 қалалық емхананың туберкулез бойынша үйлестірушілері, «Достық» ОАО, «Салауатты Астана» ЖШС, «Шипагер» ОА ОО, "Жануя» ЖШС өкілдері, ҮЕҰ өкілдері.

Кеңестің мақсаты-АМСК міндеттерімен танысу, жобаның негізгі серіктестерімен (АМСК) жобаны іске асыру бойынша іс-шараларды талқылау. Астана қаласында туберкулездің ауыртпалығын төмендетудегі өзекті мәселелерді талқылау. Кеңес соңында қарар қабылданды.

11.04.2024 ж. Астана қаласының «Қалалық фтизиопульмонология орталығы»  ШЖҚ МКК фтизиатр- дәрігері Серик  Жидебаевич Оразбаев  өкпеден тыс туберкулез мәселелері бойынша «Шалқар» радиосында тікелей эфирде сөз сөйледі.  Ол дамудың себептері, аурудың алғашқы белгілері, перифериялық лимфа түйіндерінің туберкулезін, сүйек - буын туберкулезін диагностикалау және емдеу туралы нақты айтты.

new2.png
ҚАЛАЛЫҚ ФТИЗИОПУЛЬМОНОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ
Пациенттерді қолдау қызметі: 607-118
gcf.astana@mailto.kz
© Copyright 2024 DESIGN BY SITE-PRO.KZ. All Rights Reserved.