2024 жылдың 24 ақпаны мен 24 наурызы аралығында Қазақстан Республикасында Дүниежүзілік түбіркүлезге қарсы күрес күніне арналған айлық іс-шара өтті, оған медицина қызметкерлері мен Астана қаласының жұртшылығы «Біз түбіркүлезді жеңе аламыз», «Мы можем победить туберкулез», «Yes. We Can End TB» ұранымен белсенді қатысты.
Дүниежүзілік түбіркүлезге қарсы күрес күні жыл сайын 24 наурызда түбіркүлез туралы хабардарлықты арттыру және ауруды жою бойынша күш-жігерді арттыру мақсатында атап өтіледі.
Осы Дүниежүзілік түбіркүлезге қарсы күрес күнінде біз барлығын – саяси көшбасшыларды, азаматтық қоғамды, зерттеушілерді, түбіркүлез қауымдастығын, бизнес қауымдастықтарын және жеке тұлғаларды түбіркүлезге қарсы өз әрекеттерін жария етуге және басқаларды да дәл солай жасауға шақырамыз. Біз түбіркүлезге нүкте қою және өмірлерді құтқару мақсатында біргеміз. Біздің үндеуіміз күшті және қарапайым.
Біз, Қазақстанның фтизиопульмонология орталықтарының басшылары, Қазақстандағы Стоп ТБ Ұлттық әріптестігінің төрағасы, м.ғ. д., профессор Шахимурат Исмаиловтың "Біз бірге туберкулезді жеңе аламыз" челленджін қабылдадық.
Баршаңызды Қазақстандағы СТОП ТБ Ұлттық әріптестігіне қосылуға шақырамыз! Біз бірге эпидемия ретінде туберкулезді тоқтата аламыз!