Центрдің жаңалықтары
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы анонс
Астана қаласы әкімдігінің «Қалалық фтизопульмонологиялық орталығы» ШЖҚ МКК қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы АНОНС
2024 жылғы 03 маусымнан бастап 2024 жылғы 15 шілдеге дейін Астана қаласы әкімдігінің «Қалалық фтизопульмонологиялық орталығы» ШЖҚ МКК сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетін болады.
Орталық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:
1) орталықтың қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2) орталықтың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Бірінші бағыт бойынша:
Орталықтың қызметін реттейтін құқықтық актілер мен ішкі құжаттар оларда мынадай сыбайлас жемқорлық нормаларының болуына тексерілетін болады:
- құқықтық алшақтық;
- құқықтық актілер мен ішкі құжаттар ережелерінің қайшылығы;
- құқықтық-лингвистикалық белгісіздік;
- дискрециялық өкілеттіктердің кеңдігі;
- лауазымды тұлғалардың міндетінің орнына құқық белгілеу;
- адамға тиесілі құқықты іске асыру үшін қойылатын жоғары талаптар;
- артық әкімшілік кедергілердің болуы;
- функцияларды, міндеттерді, құқықтар мен жауапкершілікті дұрыс анықтамау.
Талдаудың екінші бағыты келесі сұрақтарды қамтиды:
- персоналды басқару;
- мүдделер қақтығысын реттеу;
- Мемлекеттік қызмет көрсету;
- рұқсат беру функцияларын іске асыру;
- бақылау функцияларын іске асыру;
- талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер.