60-71-22
АНЫҚТАМА
109
CALL CENTER
А1 к., 5 құрылыс
ЖМ "Железнодорожный"

2021 жылғы 4 наурызда Нұр-Сұлтан қаласының қалалық фтизиопульмонологиялық орталығы 10 қалалық емханамен және "Санат әлемі" ҚҚ ҮЕҰ-мен бірлесіп Сарыарқа ауданының туберкулез бойынша амбулаториялық емделуде жатқан 10 қалалық емханасы базасында пациенттермен кездесу өткізді.

ҚФО директоры А.Б. Цепке және 10 ҚЕ директоры Г.М. Алпыспекова науқастардың туберкулезді емдеуді, тексеруді, оңалтуды және алдын алуды ұйымдастыруға қатысты сұрақтарына жауап берді. Туберкулез бойынша медициналық қызметтердің сапасын арттыру бойынша ұсыныстар талқыланды.

Бұл кездесулер Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күніне арналған "Уақыт өтіп бара жатыр" айлығы аясында ұйымдастырылды.

Елімізде денсаулық сақтау саласы мамандарының тапшылығы – өте күрделі мәселе. Өткен сандарымызда Қазақстанда 5 мыңға жуық дәрігер жетіспейтінін жазғанбыз. Бұл олқылықтың медициналық қызметтер сапасына тікелей әсері бар. Мәселені осы аптада Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бесінші отырысында Президент те көтеріп, теріс ахуалды түзету үшін мемлекет нақты шараларды қолға алып жатқанын айтты.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) шешімі бойынша жыл сайын 24 наурызда — 1882 жылы неміс микробиологы Роберт Кох (Robert Koch) өзі жасаған туберкулез қоздырғышының ашылғаны туралы жариялаған күні атап өтіледі. 1905 жылы ғалым медицина саласындағы Нобель сыйлығын алды.

Қазақстанда 2021 жылдың 1 ақпанында коронавирусқа қарсы вакцинация басталды. Бірінші кезеңде жұқпалы аурулар ауруханаларының, жедел медициналық жәрдемнің, реанимация, МСАК бөлімшелерінің, қабылдау бөлмелерінің медицина қызметкерлері, санэпидқызмет қызметкерлері коронавирусқа қарсы екпе алады - шамамен жүз мың адам.

new2.png
ҚАЛАЛЫҚ ФТИЗИОПУЛЬМОНОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ
Пациенттерді қолдау қызметі: 607-118
gcf.astana@mailto.kz
© Copyright 2025 DESIGN BY SITE-PRO.KZ. All Rights Reserved.