1991 жылғы 16 желтоқсанда біздің еліміз үшін жаңа дәуірдің басталуы атап өтілді.
Қазақстан Республикасы бүкіл әлемде мойындалған, тиімді басқару жүйесі мен экономикасы мықты. Халқымыз өтпелі кезеңнің барлық қиындықтарын еңсеріп, әлемдік аренаға шықты. Біздің әрқайсымыз, қазақстандықтар республикамыздың осындай биіктерді бағындыруына қомақты үлес қосты.
Тәуелсіздік күні қарсаңында қалалық фтизиопульмонологиялық орталығында салтанатты жиын өтті. Орталық қызметкерлері мемлекеттік награда –"Халық алғысы" медалімен, сондай-ақ жоғары кәсібилігі үшін Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды.
Осыдан 29 жыл бұрын, 1991 жылғы 16 желтоқсанда бұл мереке жаңа егемен және Тәуелсіз Қазақстан Республикасының дүниеге келуін атап өтті. Осындай аз ғана тарихи кезеңде Қазақстан халқы ортақ күш-жігерінің арқасында демократиялық, құқықтық және экономикалық тәуелсіз мемлекет құра алды.
Тәуелсіздік күні-әрбір қазақстандық үшін айтулы мереке. Бұл біздің ортақ Отанымыздың бостандығының, әл-ауқатының және күшінің белгісі болып саналады.
Нұр-Сұлтан қаласының "Қалалық фтизиопульмонология орталығы" ШЖҚ МКК барлығын мерекемен құттықтап, әрбір үйге және әрбір отбасына денсаулық пен амандық, молшылық, тыныштық пен бейбітшілік тілейді!
#МеніңТуым #МеніңТуымМеніңОтаным #МойФлагМояРодина #ЦветМоейРодины #БіздіңОртақМереке #НашОбщийПраздник
Бірінші аптада «Стоп туберкулез» акциясы аясында жылжымалы пункттерде 1 311 адам флюорографиялық тексеруден өтті. Қаланың 28 тұрғынында өкпе туберкулезіне тән өзгерістер анықталды. Олардың барлығы қосымша тексеруге жіберілді.
«Мұндай акцияны өткізудің маңызы зор. Ол туберкулезді дер кезінде анықтау және қажетті ем тағайындау бойынша жұмысты қайта бастауға мүмкіндік берді. Алғашқы 10 күннің ішінде қаланың 1 300-ден астам тұрғыны флюорографиялық тексеруден тегін өтті. Қалада бұрын туындаған күрделі эпидемиологиялық жағдайға байланысты туберкулезді ерте анықтау бойынша жұмыс біршама әлсіреді. «СТОП туберкулез» айлығы аясында ауруды жұқтыруға жол бермеу мақсатында белгілі тұрғылықты жері жоқ адамдарға тексеру жүргізуге мүмкіндік бар», - дейді денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Әлия Рүстемова.