29.01.25ж. ҚРДСМ2024жылдыңқорытындысыбойынша-туберкулездің эпидемиологиялық жағдайы бойынша кеңесөткізді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығының директоры М.М. Аденов ҚР бойынша - эпидемиологиялық жағдай, туберкулез бойынша негізгі индикаторлар мен көрсеткіштер бойынша облыстар мен Республикалық маңызы бар қалалардың рейтингі туралы баяндады.
Сондай-ақ, ҚР Бас санитарлық дәрігері С.С. Бейсенова халық арасында, туберкулез ошақтарында алдын алу шараларының жай-күйін атап өтті. Кеңеске Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының, сондай-ақ облыстар мен Республикалық маңызы бар қалалардың ЕЭК басшылары қатысты.
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 17.12.2024 ж. хаттамалық тапсырмасын орындау мақсатында 2025 жылғы 1-10 қаңтар аралығында туберкулез ошақтарында профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралар бойынша жедел штаб өткізілді.
Астана қаласы әкімдігінің "Қалалық фтизиопульмонология орталығы" ШЖҚ МКК, 2025 жылғы 22 қаңтар айында № 7 қалалық емханада туберкулез саласындағы адвокатура, коммуникация және әлеуметтік жұмылдыру жөніндегі іс - шаралар шеңберінде АМСК профилактикалық бөлімшелерінің меңгерушілері мен АБӘЖ бойынша жауапты тұлғалардың қатысуымен семинар - кеңес өткізді.
30.12.2024 жылы Астана қ. фтизипульмонология орталығының балалар бөлімшесінде мұғалімдермен және балалар бөлімшесінің қызметкерлерімен бірге туберкулезбен "зардап шеккен" балаларға арналған жаңа жылдық шырша өтті. Мерекелік бағдарлама сиқырға толы болды, ертегі кейіпкерлерінің - аниматорлардың, Жаңа жылдың басты кейіпкерлері – Аяз Ата мен Ақшақардың қатысуымен барлығы бірге нағыз мереке атмосферасын құрды, ойындар ойнады, өлеңдер айтып, ән айтты. Жаңа жылдық шырша фтизиопульмонология Орталығы Әкімшілігінің және Данияр мен Әсел шет елдердегі көптен бергі достарының сыйлықтарын табыстаумен аяқталды. Мереке үшін барлығына рахмет!