2025 жылы 8-ші сәуір айында Астана қаласы әкімдігінің «Қалалық фтизиопульмонология орталығы» ШЖҚ МКК- на ДДҰ - ның туберкулез және өкпе денсаулығы жөніндегі жаһандық бағдарламасының директоры Тереза Қасаева және ДДҰ Еуропалық өңірлік бюросының ТБ және ДТ-ТБ жөніндегі өңірлік кеңесшісі Асқар Еділбаев келді.
Бұл сапар 5 түркі-тілдес мемлекеттердің (Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан) «Туберкулезден азат Орталық Азия» тарауларымен бірлескен декларацияға қол қою жөніндегі іс-шаралар шеңберінде ұйымдастырылды.
07.04.2025ж. Астана қаласында Түркі мемлекеттері ұйымына қатысушы елдердің денсаулық сақтау министрлерінің кездесуі аясында "Орталық Азия — туберкулезден азат"тақырыбында субөңірлік кеңес өтті. Кеңестің мақсаты Орталық Азиядағы туберкулездің алдын алу, диагностикалау және емдеу саласындағы прогресс пен проблемаларды талқылау, туберкулезге қарсы күресте инновациялық құралдар мен технологияларды көрсету, азаматтық қоғам мен жастардың қатысуын қоса алғанда, сектораралық ынтымақтастықты нығайту, сондай-ақ негізгі мүдделі тараптар мен халықаралық әріптестерді белсенді қатысуға тарту болып табылады.
Түркі мемлекеттері ұйымына қатысушы елдердің денсаулық сақтау министрлері "Орталық Азия-туберкулезден азат"бастамасы туралы Декларацияға қол қойды.