60-71-22
АНЫҚТАМА
109
CALL CENTER
А1 к., 5 құрылыс
ЖМ "Железнодорожный"
07.04.2025ж. Астана қаласында Түркі мемлекеттері ұйымына қатысушы елдердің денсаулық сақтау министрлерінің кездесуі аясында "Орталық Азия — туберкулезден азат"тақырыбында субөңірлік кеңес өтті. Кеңестің мақсаты Орталық Азиядағы туберкулездің алдын алу, диагностикалау және емдеу саласындағы прогресс пен проблемаларды талқылау, туберкулезге қарсы күресте инновациялық құралдар мен технологияларды көрсету, азаматтық қоғам мен жастардың қатысуын қоса алғанда, сектораралық ынтымақтастықты нығайту, сондай-ақ негізгі мүдделі тараптар мен халықаралық әріптестерді белсенді қатысуға тарту болып табылады.
Түркі мемлекеттері ұйымына қатысушы елдердің денсаулық сақтау министрлері "Орталық Азия-туберкулезден азат"бастамасы туралы Декларацияға қол қойды.