Центрдің жаңалықтары
АБӘЖ бойынша семинар-кеңес
Астана қаласы әкімдігінің "Қалалық фтизиопульмонология орталығы" ШЖҚ МКК, 2025 жылғы 22 қаңтар айында № 7 қалалық емханада туберкулез саласындағы адвокатура, коммуникация және әлеуметтік жұмылдыру жөніндегі іс - шаралар шеңберінде АМСК профилактикалық бөлімшелерінің меңгерушілері мен АБӘЖ бойынша жауапты тұлғалардың қатысуымен семинар - кеңес өткізді.
Семинарда АБӘЖ-дың 2024 жылғы есепті кезеңге шолу ақпараты ұсынылды жыл ішінде жоспарға сәйкес туберкулездің алдын алу шараларын іске асыру бойынша үлкен Ұйымдастыру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ БАҚ, радио, ТВ-мен жұмыс істеудегі олқылықтар да атап өтілді. Талқылауға 2025 жылға арналған жоспар жобасы ұсынылды.
Семинарға қатысушылар 2024 жылы 10 қазанда өткен Адвокаттық кеңесте баяндалған "Туберкулезді тоқтату" серіктестігінің миссиясымен, мақсаттарымен және міндеттерімен танысты, нәтижесінде Астана қаласы әкімдігімен "Қазақстандағы ТБ тоқтату" Ұлттық серіктестігі арасындағы "Қазақстандағы ТБ тоқтату" Ұлттық әріптестігін қосу ниеті туралы Декларацияға, сондай-ақ өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы "Қазақстандағы ТБ тоқтату " Ұлттық әріптестігін дамыту шеңберінде Меморандумға қол қойылды.