Бүгінгі таңда әр елде ұлттық иммундау бағдарламасы бар және вакциналар көптеген аурулардың алдын алудың ең қауіпсіз және тиімді шараларының бірі болып саналады. Бес онжылдықта ұлттық жоспарлы иммундау бағдарламалары дамыды және кеңейді, ал бүгінгі күні ДДҰ ұсыныстарына сәйкес, балаларға, жасөспірімдерге және ересектерге кем дегенде 13 ауыр ауруға қарсы вакцинациялауды қамтамасыз етеді.
2024 жылы ДДҰ вакциналардың көптеген ұрпақтарға пайдасын тигізетін Кеңейтілген иммундау бағдарламасының 50 жылдығын атап өтеді.
Соңғы 50 жылда вакциналар бүкіл әлем бойынша миллиардтан астам адамның өмірін сақтап қалды.
17.04.2024ж. Қалалық фтизиопульмонология орталығының базасында 2024 жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойынша балаларда туберкулезге қарсы іс-шаралар өткізу мәселелері бойынша АМСК балаларында фтизиопедиатрлардың және туберкулез бойынша үйлестірушілердің қатысуымен кеңес өткізілді.
Кеңесте жасөспірімдер арасында туберкулезбен сырқаттанушылық, белгіленген мерзімде флюороскринингтің уақтылы анықталуы және туберкулинопозитивті балаларды толық тексеру мәселелері қозғалды.
Кеңесте Астана қаласында туберкулездің ауыртпалығын төмендетуге бағытталған іс-шаралар бойынша нақты шешімдер қабылданды.
Астана қаласының қалалық фтизиопульмонология орталығының қызметкерлері қаланың медициналық стационарларының қызметкерлері үшін туберкулезді ерте диагностикалау бойынша - дәрігерлердің сергектігін арттыру үшін семинарлар өткізді.
Айлық шеңберінде жекелеген стационарларда туберкулездің алғашқы белгілері, уақтылы емдеудің тиімділігі, темекі шегуден, есірткіден, алкогольден бас тартуды, ұтымды тамақтану мен дене белсенділігін сақтауды қоса алғанда, профилактикалық іс-шаралар туралы халықтың хабардарлығын арттыру мақсатында Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күніне арналған Ашық есік күнін өткізуге қатысты.