«Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі келесі медициналық ұйымдарға Байқау кеңесінің мүшелерін іріктеу бойынша конкурстың басталғаны туралы хабарлайды: Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ШЖҚ «№2 көпбейінді қалалық аурухана» МКК, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ШЖҚ «Көпсалалы медицина орталығы» МКК, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ШЖҚ «№3 көпбейінді қалалық балалар ауруханасы» МКК, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ШЖҚ «Қалалық фтизиопульмонологиялық орталығы» МКК.
Байқау кеңесі шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның (ШЖҚ МКК) қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады, медициналық ұйымның қызметіне бақылау жасауды және мүдделерін қорғауды жүзеге асырады. ШЖҚ МКК байқау кеңесінің мүшелеріне сыйақы төлеу ШЖҚ МКК қаржы-шаруашылық қызметінің оң нәтижесі болған жағдайда жыл ішіндегі жұмыс қорытындысы бойынша жүзеге асырылады.
Денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардағы байқау кеңесіне сайланатын адамдарға қойылатын талаптар жоғары білімнің, сондай-ақ мынадай талаптардың бірінің:
1) денсаулық сақтау немесе ұйым бейіні бойынша және (немесе) экономика/қаржы және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласында кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесінің;
2) денсаулық сақтау немесе ұйым бейіні бойынша және (немесе) экономика/қаржы және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласындағы басшылық қызметте кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесінің;
3) денсаулық сақтау және (немесе) экономика және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласындағы қоғамдық бірлестіктердің мүшесі.
Денсаулық фестивалі аясында 7 қыркүйекте қалалық фтизиопульмонологиялық орталығы қаланың СӨСҚО ұйымдастырған және өткізген қалалық іс-шараға белсенді қатысты.
Фтизиопульмонологиялық орталығы жылжымалы флюорограф ұсынды, онда қала тұрғындары тегін тексеруден өтіп, сол жерде тексеру нәтижесін алды.
Ұйымдастырылған «Денсаулық қалашығында» фтизиопедиатр тұрғындармен балалар арасында туберкулездің алдын алу туралы, БЦЖ вакцинациясы мен ревакцинациясының маңыздылығы мен уақтылығы туралы кеңес өткізді.
Әрине, спорттық жарыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Қатысушылар мен көрермендер үлкен рахат алды.
29 тамыз сағат 10.00. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Қалалық фтизиопульмонологиялық орталығы» ШЖҚ МКК-да Қазақстан Республикасының Конституция күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Орталықтың директоры Анна Борисовна Цепке әріптестерін келе жатқан мерекемен құттықтады. Өз сөзінде Конституция – мемлекетіміздің тұрақтылығы мен дамуының негізі, әрбір азаматтың құқықтары мен бостандықтарының кепілі екенін атап өтті. Анна Борисовна Денсаулық сақтау саласына қосқан үлесі, белсенді өмірлік ұстанымдары үшін Құрмет грамоталарымен қызметкерлерді марапаттады. Іс-шара соңында денсаулық, бақ-береке және барлық қойылған мақсаттарға жетуді тіледі.
Соңында қатысушыларға Конституция күні туралы ролик ұсынылды.
Мерекелік іс-шараны рентгендиагностикалық бөлім қызметкерлері ұйымдастырды.
Бүгін Нұр-Сұлтанда туберкулезді интеграцияланған бақылау бойынша 4-ші халықаралық конференциясы басталды.