Центрдің жаңалықтары
КОНСТИТУЦИЯ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ІС-ШАРА ӨТТІ
29 тамыз сағат 10.00. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Қалалық фтизиопульмонологиялық орталығы» ШЖҚ МКК-да Қазақстан Республикасының Конституция күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Орталықтың директоры Анна Борисовна Цепке әріптестерін келе жатқан мерекемен құттықтады. Өз сөзінде Конституция – мемлекетіміздің тұрақтылығы мен дамуының негізі, әрбір азаматтың құқықтары мен бостандықтарының кепілі екенін атап өтті. Анна Борисовна Денсаулық сақтау саласына қосқан үлесі, белсенді өмірлік ұстанымдары үшін Құрмет грамоталарымен қызметкерлерді марапаттады. Іс-шара соңында денсаулық, бақ-береке және барлық қойылған мақсаттарға жетуді тіледі.
Соңында қатысушыларға Конституция күні туралы ролик ұсынылды.
Мерекелік іс-шараны рентгендиагностикалық бөлім қызметкерлері ұйымдастырды.