Құттықтау роликтерінің сериясын жалғастыруда. Біздің пациенттерімізден ізгі тілектер мен жылы сөздер естіледі.
4 маусым күні Қазақстанда Мемлекеттік рәміздер күні аталып өтеді.
1992 жылы ең алғаш рет тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік рәміздері тағайындалды. Бұл күн еліміздің тарихында мемлекеттік нышандар - Елтаңба, Ту мен Әнұранымыздың туған күні болып қалады.
Мемлекеттік рәміздер - мемлекет негізінің мызғымас бір бөлігі.
Қалалық фтизиопульмонология орталығының қызметкерлері Гимнді орындап, рәміздерге деген құрметтерін білдірді.
Қалалық фтизиопульмонология орталығы жанындағы мектепте балаларды 1 маусым мерекесімен құттықтады. Жаздың бірінші күні ұлдар мен қыздарды "Санат әлемі" қоғамдық қорынан Милисента пен Белоснежка балаларды қорғау күнімен құттықтады @sanatalemi.
Аниматорлар кішкентай ҚФО пациенттеріне түрлі конкурстар, турнирлер мен ойындар өткізді.
Ал қалалық фтизиопульмонология орталығында Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өту жалғасуда. Бүгін ҚФО-ға қарақшы Джек Воробей, ханшайым және балаларының сүйіктісі Хаги Ваги келді.
Ойын-сауық бағдарламасы қызықты және мазмұнды болды. Балалар түрлі тапсырмаларды орындады, жұмбақтар шешті, би биледі және ән айтты. Іс-шара балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып әзірленді.