Центрдің жаңалықтары
Астана қаласы бойынша туберкулезбен сырқаттанушылық 29,3 % төмендеді
Астана қаласы бойынша туберкулезбен сырқаттанушылық 29,3 % төмендеді
Астана қаласының коммуникациялар қызметі алаңында «Туберкулездің алдын алу шаралары» тақырыбында Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гульназ Досмырзаева, Астана қаласы Қалалық фтизиопульмонология орталығының директоры Анна Цепке, ҚР ДМ Санитарлық-эпидемиялогиялық бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша СЭБД басшысының орынбасары Жанна Пралиева брифинг өткізді.
Қазіргі уақытта Қазақстан Репсубликасында туберкулезді бақылауда үлкен жетістіктер бар. Бүгінгі күні Астана қаласының эпидемиологиялық ахуалының жақсаруына әсер еткен туберкулезге қарсы бағдарламасының елеулі нәтижелері екенін айта кеткен жөн.
Соңғы 5 жылдың ішінде Астана қаласы бойынша туберкулезбен сырқаттанушылық 29,3%-ға және өлім-жітім 39,3%-ға төмендеді. Бұл - туберкулезге қарсы қызметтің, медициналық ұйымдар мен қатар қаланың көптеген ведомстволары мен құрылымдарының жүйелі қызметінің нәтижесі.
Астана қаласында 4 аппарат: 3 МСАК ұйымдарында (4,5,7 емханаларда) және 1 қалалық фтизопульмонологиялық орталығында бар. Бұл зерттеу 2 сағаттың ішінде патогеннің болуын анықтап қана қоймай, сонымен қатар дәрілік сәзімталдықтың болуын анықтай алады, яғни емдеудің тиімді схемасын тағайындай алады.
Қала маслихатының шешімі бойынша 2001 жылдан бастап жүйелі негізде көрсетілетін, амбулаторлық кезеңде ем қабылдайтын туберкулезбен ауыратындарды әлеуметтік қолдау бар. Бұдан бұрын азық-түлік жиынтықтары мен жол жүру карточкаларын түрінде көрсетілсе, ал 2019 жылдың екінші жарты жылдығынан бастап – 10 АЕК мөлшерінде ай сайынғы ақшалай төлемдер түрінде беріліп келеді.
2022 жылдан бастап Астана қаласының маслихатымен әлеуметтік тапсырыс шеңберінде туберкулез бойынша ҮЕҰ тарту қолдау тапты.
Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен «Астана қ. Қоғамдық денсаулық сақтау басқарамасы» ММ, ведомствоаралық ұйымдармен, барлық серіктестермен 2023 жылғы 24 ақпан және 24 наурыз аралығында: «Біз туберкулезді жеңе аламыз», «Мы можем победить туберкулез», «Yes. WeCanEnd TB» ұранымен айлық шеңберінде туберкулез мәселелері бойынша бірқатар шаралар өткізілді.