60-71-22
АНЫҚТАМА
109
CALL CENTER
А1 к., 5 құрылыс
ЖМ "Железнодорожный"

Фтизиопульмонология орталығында Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын өтті.

Мемлекеттік мерекеге арналған іс-шара әнұранды орындаудан басталды. Сондай-ақ, қатысушыларға мереке тарихы туралы фильм көрсетілді.

Кейін салтанатты жиынды ашқан директор Анна Борисовна Цепке бүкіл ұжымның үйлесімді жұмысын атап өтіп, еліміздің басты мерекесімен құттықтады.

Салтанатты жиын аясында марапаттау рәсімі де өтті. Үздік қызметкерлерге елорда әкімі мен AMANAT партиясының атынан Құрмет грамоталары табысталды.

Іс-шараны Атамекен әнін ұжымдық орындаумен аяқтады.

2022 жылғы 14 желтоқсанда «Zoom» бейне конференциясын пайдаланумен, Астана қаласы әкімдігінің «Қалалық фтизиопульмонологиялық орталығы» ШЖҚ МКК Байқау кеңесінің жетінші бетпе-бет отырысы болып өтті.

Отырыстың күн тәртібі:

  1. 2022 жылдың нәтижелері бойынша даму жоспарының болжалды орындалуы жөніндегі есеп.
  2. 2023 жылғы жоспар, Кәсіпорынның Даму жоспары параметрлерін қарау және келісу туралы.
  3. 2023 жылға арналған Кәсіпорынның Байқау кеңесінің Жұмыс жоспарын бекіту туралы

Талқылаудан кейін күн тәртібінің барлық мәселелері бойынша тиісті шешім қабылданды.     

Жыл сайын қыстың бірінші күні - 1 желтоқсанда кәсіби медициналық мерекелердің бірі - халықаралық невропатолог күні (Neurologist Day) атап өтіледі.

Ол дәрігерлердің, мамандардың, ғалымдардың жұмысына арналған, олардың жұмысы адамның орталық және перифериялық нерв жүйесінің ауруларының профилактикасына және емдеуге бағытталған.

Бұрын мұндай мамандар «невропатолог» деп аталды, бірақ бұл атау бүгінде ескірген болып саналады. Бұл медицинаның ең күрделі салаларының бірі.

2022 жылғы 29 қарашада «Zoom» бейне конференциясын пайдаланумен, Астана қаласы әкімдігінің «Қалалық фтизиопульмонологиялық орталығы» ШЖҚ МКК Байқау кеңесінің алтыншы бетпе-бет отырысы болып өтті.

Отырыстың күн тәртібі:

  1. Кәсіпорының Байқау кеңесі төрағасын сайлау туралы.
  2. Кәсіпорынның Байқау кеңесі хатшысын тағайындау және өкілеллік мерзімдерін анықтау.
  3. Кәсіпорының Даму жоспары параметрлерін қарау және келісу, 2022 жылдың 2-ші жарты жылдығында нақтылау.
  4. 2023 жылға арналған жоспар, Кәсіпорынның Даму жоспары параметрлерін қарау және келісу туралы.

Талқылаудан кейін күн тәртібінің барлық мәселелері бойынша тиісті шешімдер қабылданды.     

new2.png
ҚАЛАЛЫҚ ФТИЗИОПУЛЬМОНОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ
Пациенттерді қолдау қызметі: 607-118
gcf.astana@mailto.kz
© Copyright 2025 DESIGN BY SITE-PRO.KZ. All Rights Reserved.