Астана қаласы әкімдігінің «Қалалық фтизиопульмонологиялық орталығы» ШЖҚ МКК Байқау кеңесінің алтыншы отырысы 2024 жылдың 27 қарашасында сағат 16-да Астана қаласы, А1 көшесі, 5-ғимарат, Б блогы мекен-жайы бойынша «Zoom» платформасы арқылы онлайн режимде өтті.
Отырыстың күн тәртібі:
- Астана қаласы әкімдігінің «Қалалық фтизиопульмонологиялық орталығы» ШЖҚ МКК Байқау кеңесінің қазіргі әрекеттегі хатшысының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату, жаңа хатшыны тағайындау және оның өкілеттік мерзімін белгілеу туралы (баяндамашы директор Цепке А.Б.).
- Төсек қорын қайта құрылымдауға байланысты ұйымның құрылымын бекіту және кәсіпорынның штат кестесі мен штат санын келісу туралы (баяндамашы директор А.Б.Цепке).
- Астана қаласы әкімдігінің «Қалалық фтизиопульмонологиялық орталығы» ШЖҚ МКК даму жоспарының жобасын қарау және келісу, сондай-ақ оны 2024 жылдың 2-жартыжылдығында нақтылау туралы(баяндамашы -директордың экономикалық және әкімшілік-шаруашылық қамтамасыз ету жөніндегі орынбасары Хамитова С.Б.).
- Астана қаласы әкімдігінің «Қалалық фтизиопульмонологиялық орталығы» ШЖҚ МКК 2025 жылға арналған даму жоспарының жобасын қарау және келісу туралы (баяндамашы-директордың экономикалық және әкімшілік-шаруашылық қамтамасыз ету жөніндегі орынбасары Хамитова С.Б.).
Талқылаулардан кейін күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.