Астана қаласы әкімдігінің «Қалалық фтизиопульмонологиялық орталығы» ШЖҚ МКК Байқау кеңесінің бесінші отырысы 2024 жылдың 30 қыркүйегінде сағат 16-да Астана қаласы, А1 көшесі, 5-ғимарат, Б блогы мекен-жайы бойынша «Zoom» платформасы арқылы онлайн режимде өтті.
Отырыстың күн тәртібі
- Астана қаласы әкімдігінің «Қалалық фтизиопульмонологиялық орталығы» ШЖҚ МКК инфекциялық бақылау қызметінің 2023 жылғы және 2024 жылғы 1 жартыжылдықтың қорытындысы бойынша есебін тыңдау туралы (баяндамашы -директордың эпидемияға қарсы жұмыстар жөніндегі орынбасары С.Б. Сейтенова).
- Астана қаласы әкімдігінің «Қалалық фтизиопульмонологиялық орталығы» ШЖҚ МКК медициналық қызметтер сапасын бақылау қызметінің 2023 жылғы 2 жартыжылдықтағы және 2024 жылғы 1 жартыжылдықтың қорытындысы бойынша есебін тыңдау туралы (баяндамашы - директордың медициналық қызметтердің сапасын бақылау жөніндегі орынбасары Ж.С. Даугарина).
- Астана қаласы әкімдігінің «Қалалық фтизиопульмонологиялық орталығы» ШЖҚ МКК штат кестесіне және ұйымдасқан құрылымына өзгеріс енгізу туралы (баяндамашы -директордың экономикалық және әкімшілік-шаруашылық қамтамасыз ету жөніндегі орынбасары С.Б. Хамитова).
Талқылаулардан кейін күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.