60-71-22
АНЫҚТАМА
109
CALL CENTER
А1 к., 5 құрылыс
ЖМ "Железнодорожный"

Байқау кеңесі отырысының есебі 04.07.2024ж.

Астана қаласы әкімдігінің «Қалалық фтизиопульмонологиялық орталығы» ШЖҚ МКК Байқау кеңесінің төртінші отырысы 2024 жылдың 04 шілдесінде сағат 16-да Астана қаласы, А1 көшесі, 5-ғимарат, Б блогы мекен-жайы бойынша «Zoom» платформасы арқылы онлайн режимде өтті.

Отырыстың күн тәртібі:

  1. Астана қаласы әкімдігінің «Қалалық фтизиопульмонологиялық орталығы» ШЖҚ МКК 2023 жылғы даму жоспарының орындалуы жөніндегі есепті келісу туралы (баяндамашы - директордың экономикалық және әкімшілік-шаруашылық қамтамасыз ету жөніндегі орынбасары С.Б. Хамитова).
  2. Астана қаласы әкімдігінің «Қалалық фтизиопульмонологиялық орталығы» ШЖҚ МКК-ның 2023 жылғы қаржылық есептілік аудитін алдын-ала бекіту туралы (баяндамашы- директордың экономикалық және әкімшілік-шаруашылық қамтамасыз ету жөніндегі орынбасары С.Б. Хамитова).
  3. Жұмыс орындарын аттестаттау нәтижелері туралы. Астана қаласы әкімдігінің "Қалалық фтизиопульмонология орталығы" ШЖҚ МКК-ның 55 жасқа толған қызметкерлеріне зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істегені үшін арнайы әлеуметтік жәрдемақы төлеу (баяндамашы директор А.Б. Цепке).

Талқылаулардан кейін күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.

new2.png
ҚАЛАЛЫҚ ФТИЗИОПУЛЬМОНОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ
Пациенттерді қолдау қызметі: 607-118
gcf.astana@mailto.kz
© Copyright 2024 DESIGN BY SITE-PRO.KZ. All Rights Reserved.