Центрдің жаңалықтары
Балалар туберкулезі мәселелері бойынша семинар-кеңес
2024 жылғы 09 желтоқсанда Алматы қаласында онлайн / офлайн форматта "ҚР-да 0-17 жастағы балалар арасында ТБ/ТИ уақтылы анықтау, диагностикалау, емдеу мәселелері бойынша ТБ іс-шараларының тиімділігі"атты семинар-кеңес өтті. Кеңес жұмысына ҚР ДСМ ҰҚО директоры - М. М. Аденов; МФ ГРП менеджері – ИсмаиловШ.Ш.; м.ғ.д.,С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ фтизиопульмонология профессоры - Ракишева А.С.; ҚР бас штаттан тыс фтизиопедиатр - Серікбаева К.С., өңірлердің бас штаттан тыс фтизиопедиатрлары, ОЦФ/ГЦФ бірінші басшылары, ОФ ЖАО өңірлік топтарының мамандары.
Кеңесте ҚР балалар арасында туберкулез бойынша эпидемиологиялық жағдайға шолу жасалды, 0-17 жастағы балалар арасында туберкулезді анықтау, диагностикалау, емдеу бөлігіндегі негізгі проблемалық мәселелер, ҚР - да балалар арасында туберкулездің, туберкулездің таралуының алдын алу тәуекелдерін шешу жолдары талқыланды. Өңірлерге - Жамбыл, Атырау, Түркістан, Қызылорда облыстарына, Астана қаласына қатысушылардың баяндамалары тыңдалды.