Центрдің жаңалықтары
Республикалық референдумды өткізу жөніндегі үгіт-насихат жұмыстары аясында жиналыс өтті
Бүгін, 25.09.2024 жылы Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ МКК «Қалалық фтизиопульмонология орталығының» ұжымымен 2024 жылғы 6 қазанға белгіленген республикалық референдумды өткізу жөніндегі үгіт-насихат жұмыстары аясында жиналыс өтті.
Отырысқа: Астана қаласы қоғамдық кеңесінің мүшесі, қоғам қайраткері Анатолий Леонидович Лян, Ядролық физика институтының аға ғылыми қызметкері, PhD Дмитрий Шлимас, ШЖҚ МКК «№3 көпсалалы қалалық аурухана» Астана қаласы әкімдігінің директоры Данбаева Жұлдыз Сейтқамзинқызы, Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ МКК «Қалалық фтизиопульмонология орталығы» директоры Анна Борисовна Цепке қатысты.
Кездесу барысында еліміздің болашағы үшін стратегиялық маңызы бар Қазақстандағы атом өнеркәсібінің дамуы және әлемнің жетекші елдерінің атом электр станцияларын пайдалану тәжірибесі туралы кәсіби ақпараттар ұсынылды. Атом электр станцияларын пайдалану кезінде ел дамуындағы мультипликативті эффект және қолданыстағы заңнама нормалары түсіндірілді.