Центрдің жаңалықтары
2024 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша елордада түбіркүлезге қарсы іс-шараларды іске асыру бойынша кеңестер өтті
2024 жылдың 3қыркүйегінде «Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» ММ-нің базасында 2024 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша елордада түбіркүлезге қарсы іс-шараларды іске асыру бойынша кеңестер өтті.
Астана қаласы әкімдігінің «2024 жылғы 1-жартыжылдықта Астана қаласының АМСК көрсетуде туберкулезге қарсы іс-шараларды іске асыру жөніндегі шаралардың жай-күйі» тақырыбында «Қалалық фтизиопульмонологиялық орталығы» ШЖҚ МКК директоры А. Б. Цепкенің және «Астана қаласы бойынша 2024 жылдың 1-жартыжылдығы ішінде АМСК көрсетуде балалар арасында түбіркүлезді ерте анықтау жөніндегі шараларды ұйымдастыру» тақырыбында балалардағы түбіркүлез жөніндегі үйлестіруші Г. А. Медеубаеваның есебі тыңдалды.
Елордада түбіркүлез бойынша эпидемиологиялық көрсеткіштер талқыланды, әрбір АМСК көрсететін ұйым бойынша индикаторлар талданды. «Жоғары қауіпті топтарда» түбіркүлезді анықтау, сондай-ақ G-Xpert (түбіркүлезге арналған ПЦР) ерте диагностикалау әдісімен анықтау жақсарғаны атап өтілді.
Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде бактерия бөлгіштердің және түбіркүлездің деструктивті түрлерімен ауыратын науқастардың үлес салмағы азайды, сондай-ақ түбіркүлездің дәріге төзімді түрлерімен сырқаттанушылықтың төмендеу үрдісі байқалады.
Сонымен қатар, қалада мұқият және күшейтілген жұмысты талап ететін проблемалық мәселелер де бар: босандыру ұйымдарында БЦЖ вакцинациясынан бас тартудың жоғары пайызы сақталуда; байланыста болған тұлғаларды оның ішінде балаларды профилактикалық емдеумен толық қамти алмау; сондай-ақ түбіркүлезге күдікті адамдарды уақтылы тексеруге әсер ететін ішкі көші-қон процестері. Студенттер арасында түбіркүлезбен сырқаттану мәселесі, сондай-ақ мемлекеттік және жеке клиникалар арасындағы өзара іс-қимыл және сабақтастық мәселесі жеке талқыланды.
Кеңес қорытындысы бойынша нақты шешімдер қабылданды және елордада туберкулезді жою бойынша одан әрі жұмыс жоспары айқындалды.