Центрдің жаңалықтары
МСАК-та флюорография мен туберкулинодиагностиканы жоспарлау бойынша ZOOM-конференция өткізілді
19.06.2024 жылы Астана қ. МСҚ базасында МСАК-та флюорография мен туберкулинодиагностиканы жоспарлау бойынша ZOOM-конференция өткізілді. Конференцияға онлайн және офлайн режимде фтизиопульмонология орталығының директоры А.Б. Цепке, мониторинг және бағалау, эпидемиология және статистика орталығының басшысы; ГЦФ МИО тобы, Астана қ. МСАК өкілдері, учаскелік фтизиатрлар қатысты.
Қалада туберкулезге қарсы жүргізілетін іс-шаралардың сапасын жақсарту үшін, туберкулезді уақтылы анықтау үшін, қажет: №214 бұйрыққа сәйкес флюорография жоспарын қайта қарау, тәуекел тобын кеңейту; учаскелер бөлінісінде жасөспірімдердің флюорографиялық жоспарына 100% қосу; №214 бұйрыққа сәйкес Манту сынамасының жоспарын қайта қарау, балалар арасындағы тәуекел тобын кеңейту.