2023 жылдың 29 тамызында сағат 11-де «Zoom» платформасы арқылы онлайн режимде Астана қаласы әкімдігінің «Қалалық фтизиопульмонологиялық орталығы» ШЖҚ МКК Байқау кеңесінің төртінші отырысы өтті. Мекен-жайы: Астана қаласы, А1 көшесі, 5 ғимарат, Б блогы.
Отырыстың күн тәртібі:
- Астана қаласы әкімдігінің «Қалалық фтизиопульмонологиялық орталығы» ШЖҚ МКК Байқау кеңесінің төрағасын сайлау туралы.
- Кәсіпорынның ұйымдық құрылымы мен штат кестесіне өзгерістер енгізуді келісу туралы (Баяндамашы директор Цепке А.Б.).
- 2022 жылғы Астана қаласы әкімдігінің «Қалалық фтизиопульмонологиялық орталығы» ШЖҚ МКК жылдық қаржылық есептілігін алдын ала бекіту туралы
(баяндамашы директордың экономикалық және әкімшілік-шаруашылық қамтамасыз ету жөніндегі орынбасары С.Б. Хамитова).
- 2022 жылғы Астана қаласы әкімдігінің «Қалалық фтизиопульмонологиялық орталығы» ШЖҚ МКК даму жоспарының орындалуы туралы есепті келісу туралы (Баяндамашы директордың экономикалық және әкімшілік-шаруашылық қамтамасыз ету жөніндегі орынбасары С.Б. Хамитова).
- Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жөніндегі анықтаманы (АКР-да) келісу туралы (Баяндамашы-кәсіпорынның комплаенс-офицері Е.В. Крат).
- Байқау кеңесі отырысының алдыңғы шешімдерінің орындалуы бойынша ақпаратты тыңдау туралы (Баяндамашы Байқау кеңесінің хатшысы - Г.А. Қабдушева).
Талқылаулардан кейін күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.