60-71-22
АНЫҚТАМА
109
CALL CENTER
А1 к., 5 құрылыс
ЖМ "Железнодорожный"

«Медициналық туберкулезге қарсы респираторлар сатып алу» келесі лоттар бойынша тендер өткізетіні туралы хабарландыру

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Қалалық фтизиопульмонологиялық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны, орналасқан мекен жайы: Нұр-Сұлтан қаласы, Алматы ауданы, А1 көшесі, 5 ғимарат, «Медициналық туберкулезге қарсы респираторлар сатып алу»  келесі лоттар бойынша тендер өткізетіні туралы хабарлайды:

Лоттың №

Лоттың аталуы

Өлшем бірлігі

Бағасы

Саны

Бөлінген сома, теңге

1

Туберкулезге қарсы медициналық респираторлар

дана

900

87 000,00

78 300 000,00

 

Итого

 

 

 

78 300 000,00

Сатып алуға бөлінген сома 78 300 000,00 (жетпіс сегіз миллион үш жүз мың) теңге 00 тиын. Сатып алынатын тауарлардың толық тізбесі, олардың саны және толық ерекшеліктері тендерлік құжаттамада көрсетілген.

Жеткізу мерзімі: Тапсырыс берушінің өтінімі бойынша бір жыл ішінде және бекітілген тауар жеткізу кестесі.

Жеткізу орны: Нұр-Сұлтан қ., А1 к-сі, 5 ғимарат, Б блогы, сақтау орнына (Тапсырыс берушінің қоймасы).

Тендерге Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 4 маусымдағы №375 қаулысымен бекітілген «Дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және арнайы емдік өнімдерді тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде сатып алуды, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы»  сәйкес тендерлік өтінім берген барлық әлеуетті өнім берушілер жіберіледі.

Тендерлік құжаттама пакетін http://www.ftizio-ortalygy.kz сайтынан жүктеп алуға болады.

Тендерлік өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі 2022 ж. «18» ақпан сағат 13: 45-ге дейін.

Тендерлік өтінімдер салынған конверттер 2022 ж. «18» ақпан сағат 14:00-де мына мекенжай бойынша ашылады: Нұр-Сұлтан қ., Алматы ауданы, А1 көшесі, 5 ғимарат, 1 қабат, мәжіліс залы.

Әлеуетті өнім берушілер тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашу кезінде қатыса алады.

Қосымша ақпарат пен анықтаманы 8(7172) 60-71-24 телефоны бойынша алуға болады. 

 

Қосымшаны сақтау...

new2.png
ҚАЛАЛЫҚ ФТИЗИОПУЛЬМОНОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ
Пациенттерді қолдау қызметі: 607-118
gcf.astana@mailto.kz
© Copyright 2024 DESIGN BY SITE-PRO.KZ. All Rights Reserved.