60-71-22
АНЫҚТАМА
109
CALL CENTER
А1 к., 5 құрылыс
ЖМ "Железнодорожный"

Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен туберкулезге қарсы препараттарды (150 мг рифампицин) сатып алуды өткізу туралы хабарландыру

Сатып алуды ұйымдастырушы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Қалалық фтизиопульмонологиялық орталығы» ШЖҚ МКК, А1 көшесі, 5 ғимарат туберкулезге қарсы препараттарды (рифампицин 150 мг) баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуды өткізу туралы хабарлайды. Туберкулезге қарсы препараттарды (рифампицин 150 мг) сатып алу туралы ақпарат осы хабарландырудың 1-қосымшасында(сатып алынатын тауарлардың тізбесі) көрсетілген.

Жеткізу мерзімі мен шарттары – Жеткізуші жеткізу кестесіне сәйкес 2019 жылдың ішінде әр айдың 25-не дейін екі тараппен шартқа қол қойғаннан кейін, мына мекен-жай бойынша: Нұр-Сұлтан қ., А1 к-сі, 5 ғимарат, дәріхана қоймасы жеткізуді жүзеге асырады. Тауарды дәріхана қоймасына Жеткізушінің өкілі шығыс жүкқұжаты мен шот - фактура негізінде саны мен сапасы бойынша береді.

Тапсырыс беруші іс жүзінде жеткізілген тауар үшін төлемді Тапсырыс беруші шығыс жүкқұжатына қол қойған және Жеткізуші шот-фактураны, шарттың көшірмесін немесе Жеткізуші ұсынатын өзге де құжаттарды ұсынған және оның өндірушінің, ресми дистрибьютордың не өндірушінің ресми өкілінің мәртебесін растайтын сәттен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде жүргізеді.

Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстары желімделген конвертте мына мекен-жайға тапсырылады: Нұр-Сұлтан қ., А1, 5 ғимарат, блок Б, материалды-техникалық қамтамасыз ету бөлімі, 02.10.2019 ж. сағат 09: 00-ге дейін.

Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстары бар конверттерді ашу 02.10.2019 ж. сағат 11: 00 мин. мына мекен-жайда өтеді: Нұр-Сұлтан қ., А1, 5 ғимарат, мәжіліс залы.

Әлеуетті жеткізушілер баға ұсыныстарын табыс етудің соңғы мерзімі өткенге дейін берілген баға ұсыныстарын кері қайтарып алуға құқылы.

Әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысын беруі оның сатып алу туралы шарттың хабарландыруында, жобасында, сатып алынатын тауарлардың техникалық ерекшелігінде көзделген сұрау салу талаптарына сәйкес тауарларды беруді жүзеге асыруға келісім білдіру нысаны болып табылады.

Әлеуетті жеткізуші сатып алуға қатысу үшін желімделген түрде 1 (бір) баға ұсынысын береді, онда келесі құжаттар бар:

  1. әлеуетті жеткізушінің қолы қойылған және мөрімен (ол болған кезде) бекітілген баға кестесін ұсынады. Әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысына жеткізумен байланысты барлық шығындар, оның ішінде салықтар енгізіледі;
  2. лицензиялау немесе рұқсат беру рәсімі арқылы рұқсат беру органдары жүзеге асыратын әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыруға жеке немесе заңды тұлғаның құқығын растайтын рұқсат;
  3. ұсынылатын тауарлардың ҚР 1729 ҮҚ  4-тарауында белгіленген талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттар

Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыруға (бұдан әрі – хабарландыру) сатып алынатын дәрілік заттардың тізбесі (хабарландыруға №1 қосымша), баға ұсынысының нысаны (хабарландыруға 12 қосымша), үлгі шарттың нысаны (хабарландыруға 9 қосымша) қоса беріледі және осы хабарландырудың ажырамас бөлігі болып табылады.

Әлеуетті жеткізуші баға ұсынысы бар мөрленген конверттің беткі жағында:

  • әлеуетті жеткізушінің атауы, Орналасқан орнының мекенжайы, байланыс телефоны, электрондық мекенжайы,
  • сатып алуды ұйымдастырушының атауы, мекен-жайы,
  • қатысу үшін әлеуетті жеткізушінің бағалық ұсынысында ұсынылатын сатып алу тауарларының атауы.

10-тарау. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу

  1. Әлеуетті өнім беруші баға ұсыныстарын ұсынудың соңғы мерзімі өткенге дейін желімделген түрде тек бір баға ұсынысын ғана береді. Конверт денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша баға ұсынысын тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы белгілеген мерзімде лицензиялау немесе рұқсат беру рәсімдері арқылы рұқсат беру органдары жүзеге асыратын қызметті немесе әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыруға жеке немесе заңды тұлғаның құқығын растайтын рұқсатты, сондай-ақ ұсынылатын тауарлардың осы Қағидалардың 4-тарауында белгіленген талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттарды, сондай-ақ фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің сипаттамасы мен көлемін қамтиды.
  2. Әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысын ұсынуы денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша сатып алудың үлгі шартының немесе фармацевтикалық қызмет көрсету шартының талаптары сақталып, тауарды беруді жүзеге асыруға немесе фармацевтикалық қызметтер көрсетуге оның келісімін білдіретін нысан болып табылады.
  3. Жеңімпаз болып ең төмен баға ұсынысын ұсынған әлеуетті өнім беруші танылады, бұл туралы оны тапсырыс беруші және (немесе) сатып алуды ұйымдастырушы хабардар етеді.

Бірдей баға ұсыныстары ұсынылған жағдайда, баға ұсыныстарын бірінші болып ұсынған әлеуетті өнім беруші жеңімпаз болып танылады.

Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуға баға ұсынысы мен құжаттарын осы Қағидалардың 113-тармағына сәйкес ұсынған бір әлеуетті өнім беруші қатысқан жағдайда тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы мұндай әлеуетті өнім берушіні сатып алу жеңімпазы деп тану туралы шешім қабылдайды.

Баға ұсыныстары болмаған жағдайда баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу өткізілмеді деп танылады.

  1. Жеңімпаз тапсырыс берушіге немесе сатып алуды ұйымдастырушыға жеңімпаз деп танылған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын мынадай құжаттарды ұсынады:

1) мәліметтері мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде расталатын, "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес алынған (жіберілген) рұқсаттың (хабарламаның) не электрондық құжат түріндегі рұқсаттардың (хабарламалардың) көшірмелерін ұсынады. Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде мәліметтер болмаған жағдайда әлеуетті өнім беруші "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес алынған (жіберілген) тиісті рұқсаттың (хабарламаның) нотариат куәландырған көшірмесін ұсынады;

2) заңды тұлғаны құрмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға құқық беретін құжаттың көшірмесін (кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға үшін);

3) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесі не заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама, жеке куәліктің немесе төлқұжаттың көшірмелері (кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға үшін);

4) заңды тұлға үшін жарғысының көшірмесі (егер жарғыда құрылтайшылардың, қатысушылардың немесе акционерлердің құрамы көрсетілмесе, акцияларды ұстаушылар тізілімінен үзінді көшірме немесе құрылтайшылардың, қатысушылардың құрамы туралы үзінді көшірме немесе сатып алуды хабарлау күнінен кейін берілген құрылтай шартының көшірмесі);

5) "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы алынған салық төлеушінің салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешегінің бар-жоғы туралы мәліметтер;

6) әлеуетті өнім берушіге қызмет көрсететін банктің немесе банк филиалының Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі басқармасының қаулысымен бекітілген екінші деңгейдегі банктерде, ипотекалық ұйымдарда және "Қазақстан Даму Банкі" акционерлік қоғамында бухгалтерлік есепке алу шоттарының үлгі жоспарына сәйкес банктің немесе банк филиалының алдында әлеуетті өнім берушінің анықтама берген күннің алдындағы үш айдан астам мерзімге созылған міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша мерзімі өткен берешегінің жоқ екені туралы қол қойылған және конверттерді ашу күнінің алдындағы бір айдан ерте емес берілген, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша анықтаманың түпнұсқасы (егер әлеуетті өнім беруші екінші деңгейдегі бірнеше банктің немесе филиалдарының, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болып табылса, осындай банктердің әрқайсысынан);

7) Қазақстан Республикасы салық органының осы әлеуетті өнім беруші Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмайтыны туралы анықтамасының түпнұсқасы (егер әлеуетті өнім беруші Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмаса және Қазақстан Республикасының салық төлеушісі ретінде тіркелмесе);

8) әлеуетті өнім берушінің осы Қағидалардың 13-тармағында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар;

9) фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде бірлесіп орындаушының осы Қағидалардың 14-тармағында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар.

Жеңімпаз біліктілік талаптарына сәйкес келмеген жағдайда баға ұсыныстары тәсілімен сатып алу өткізілмеді деп танылады.

Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен тауарларды сатып алу қорытындыларын бекіту туралы шешім оны бекіткен күннен бастап 10 (он) күнтізбелік күн ішінде сатып алуды ұйымдастырушының интернет-ресурсында e-mail:(Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. ), тел: 60-71-24 (материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімі) жарияланады.

 

Қосымшаны сақтау...

new2.png
ҚАЛАЛЫҚ ФТИЗИОПУЛЬМОНОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ
Пациенттерді қолдау қызметі: 607-118
gcf.astana@mailto.kz
© Copyright 2024 DESIGN BY SITE-PRO.KZ. All Rights Reserved.