60-71-22
АНЫҚТАМА
109
CALL CENTER
А1 к., 5 құрылыс
ЖМ "Железнодорожный"

1 маусымда қалалық фтизиопульмонология орталығында Балаларды қорғау күніне және оқу жылының аяқталуына арналған мерекелік салтанатты іс-шара өткізілді.

Әкімшілік ұзақ стационарлық емделіп жатқан барлық балаларды мерекемен құттықтады. Түлектерге естелік сыйлықтар табысталды. Аниматорлардың қатысуымен құттықтау ұйымдастырылды. Асфальтта сурет салу байқауын өткізді.

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ ШЖҚ МКК "ФТИЗИОПУЛЬМОНОЛОГИЯ ОРТАЛЫҒЫНДА" СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША СЕМИНАР САБАҒЫ ӨТКІЗІЛДІ

Бүгін 24.05.2023 ж.Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ МКК "Фтизиопульмонология орталығында Астана қаласы бойынша Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет агенттігінің департаментінің аса маңызды істер жөніндегі офицері Кенебаева Алмагүл Еркінқызы баяндама жасап, құқық түсіндіру жұмысының сапасын арттырудың, сыбайлас жемқорлыққа қарсы түбегейлі күрес үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоюдың маңыздылығын атап өтті. Ол сыбайлас жемқорлық және  құқық бұзушылық жасаған әрбір адамға қатаң жаза қолдану туралы хабарланғанын айтты.

Астана қаласы әкімдігінің «Қалалық фтизопульмонологиялық орталығы» ШЖҚ МКК қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне  ішкі талдау жүргізу туралы АНОНС.

2023 жылғы 22 мамырдан 2023 жылғы 21 маусымға дейін Астана қаласы әкімдігінің «Қалалық фтизопульмонологиялық орталығы» ШЖҚ МКК сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетін болады.

Орталық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:

1) орталықтың қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2) орталықтың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Астана қаласы әкімдігінің "Қалалық фтизиопульмонология орталығы" ШЖҚ МКК Бақылау кеңесінің үшінші  отырысы 2023 жылғы 4 мамырда сағат 11-де офлайн режимде өтті. Мекен-жайы: Астана қаласы, А1 көшесі, 5 ғимарат, Б блогы.

Отырыстың күн тәртібі:

  1. Кәсіпорынның клиникалық-биохимиялық зертханасының қызметтерін аутсорсингке беруді қарау және келісу туралы.
  2. Ұйымдық құрылымды бекіту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет офицері лауазымын штат кестесіне енгізуді қарау және кәсіпорынның штат кестесін келісім беру туралы.
  3. Кәсіпорынның даму жоспары жобасының параметрлерін қарау және келісім беру, 2023 жылдың 1-жартыжылдығында нақтылау туралы.
  4. Кәсіпорынның ішкі аудит қызметінің ережесі мен жұмыс жоспарын бекіту туралы.
  5. Кәсіпорынның сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметі туралы ережені қарау және бекіту туралы.

Талқылаулардан кейін күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.

new2.png
ҚАЛАЛЫҚ ФТИЗИОПУЛЬМОНОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ
Пациенттерді қолдау қызметі: 607-118
gcf.astana@mailto.kz
© Copyright 2024 DESIGN BY SITE-PRO.KZ. All Rights Reserved.