60-71-22
АНЫҚТАМА
109
CALL CENTER
А1 к., 5 құрылыс
ЖМ "Железнодорожный"

03.03-05.03.2021 ж. аралығында Нұр-Сұлтан қ. ҚФО базасында Жаһандық қор жобасын іске асыру тобы менеджері Ш. Исмаилов және ҰҒФО МжБ  маманы  А. Сағымбекова мониторинг және бағалау тобының мамандары және қаланың учаскелік фтизиатрлары үшін ҚР туберкулезге қарсы іс-шараларды мониторингтеу және бағалау жүйесінің тиімділігін арттыру мақсатында қазіргі заманғы шақыруларды ескере отырып "Бағдарлама бойынша ТБ-да мониторинг пен бағалаудың жаңартылған моделі" тақырыбында семинар-тренинг өткізді.

Мемлекет жеңілдікке ие 15 санаттағы азаматтар үшін МӘМС жарнасын төлейді, олардың жалпы саны - 11 млн қазақстандық. Егер сіз жеңілдікке ие санаттың біріне енетін болсаңыз, автоматты түрде МӘМС жүйесіне қатысушы атанасыз.

2021 жылғы 4 наурызда Нұр-Сұлтан қаласының қалалық фтизиопульмонологиялық орталығы 10 қалалық емханамен және "Санат әлемі" ҚҚ ҮЕҰ-мен бірлесіп Сарыарқа ауданының туберкулез бойынша амбулаториялық емделуде жатқан 10 қалалық емханасы базасында пациенттермен кездесу өткізді.

ҚФО директоры А.Б. Цепке және 10 ҚЕ директоры Г.М. Алпыспекова науқастардың туберкулезді емдеуді, тексеруді, оңалтуды және алдын алуды ұйымдастыруға қатысты сұрақтарына жауап берді. Туберкулез бойынша медициналық қызметтердің сапасын арттыру бойынша ұсыныстар талқыланды.

Бұл кездесулер Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күніне арналған "Уақыт өтіп бара жатыр" айлығы аясында ұйымдастырылды.

Елімізде денсаулық сақтау саласы мамандарының тапшылығы – өте күрделі мәселе. Өткен сандарымызда Қазақстанда 5 мыңға жуық дәрігер жетіспейтінін жазғанбыз. Бұл олқылықтың медициналық қызметтер сапасына тікелей әсері бар. Мәселені осы аптада Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бесінші отырысында Президент те көтеріп, теріс ахуалды түзету үшін мемлекет нақты шараларды қолға алып жатқанын айтты.

new2.png
ҚАЛАЛЫҚ ФТИЗИОПУЛЬМОНОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ
Пациенттерді қолдау қызметі: 607-118
gcf.astana@mailto.kz
© Copyright 2024 DESIGN BY SITE-PRO.KZ. All Rights Reserved.