60-71-22
АНЫҚТАМА
109
CALL CENTER
А1 к., 5 құрылыс
ЖМ "Железнодорожный"

Нұр-Сұлтан қаласының Қалалық фтизиопульмонологиялық орталығының ұжымы 2021 жылғы 27 наурызда орны толмас қайғылы оқиғаға тап болды

Нұр-Сұлтан қаласының Қалалық фтизиопульмонологиялық орталығының ұжымы 2021 жылғы 27 наурызда орны толмас қайғылы оқиғаға тап болды.

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласының тамаша ұйымдастырушысы, Нұр-Сұлтан қаласының штаттан тыс бас фтизиатры Роза Жапарқызы Жүсіпова өмірден озды.

Роза Жапарқызы өзінің барлық еңбек қызметін туберкулезге қарсы қызметке арнады.

Еңбек жолын 1975 жылы Целиноград мемлекеттік медицина институтын бітіргеннен кейін фтизиопедиатр болып бастады, содан кейін туберкулезге қарсы диспансердің балалар бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.

1998 жылы қалалық туберкулезге қарсы диспансерді басқарды.

Роза Жапарқызы әрқашан мамандықт табандылықтың үлгісі болды.

Роза Жапарқызының табандылығының арқасында туберкулезге қарсы диспансер заманауи клиниканың жаңа корпустарына көшті. 

Роза Жапарқызы талантты ұйымдастырушы, нағыз дәрігер болған, әрқашан әділдікті жақтаған. Оның басшылығымен туберкулезге қарсы қызметте көптеген іс-шаралар, реформалар жүргізілді.

Роза Жапарқызының бүкіл өмірі-таңдалған іске жанқиярлықпен қызмет етудің, мұраттары мен сенімдеріне адалдықтың жарқын мысалы. Оның тәлімгерлігімен туберкулезге қарсы диспансерде еңбек жолын бастаған медициналық жоғары оқу орындарының түлектері өздерін фтизиатр-дәрігер мамандығында көрсетті.

Бірнеше рет көптеген марапаттармен, грамоталармен және жоғары кәсіби деңгейі үшін алғыс хаттармен марапатталған.

Роза Жапарқызы жарқын өмір сүрді, әрдайым белсенді ұстанымға ие болды, ол терең адамгершілікпен, шынайы интеллектімен, жоғары кәсібилігімен, өмірге деген сүйіспеншілігімен және оптимизмімен ерекшеленді.

Роза Жапарқызы Жүсіпова туралы жарқын естелік біздің жүрегімізде мәңгі сақталады.

Қайғылы оқиғаға байланысты отбасы мен туыстарына қайғырып көңіл айтамыз.

new2.png
ҚАЛАЛЫҚ ФТИЗИОПУЛЬМОНОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ
Пациенттерді қолдау қызметі: 607-118
gcf.astana@mailto.kz
© Copyright 2024 DESIGN BY SITE-PRO.KZ. All Rights Reserved.