60-71-22
АНЫҚТАМА
109
CALL CENTER
А1 к., 5 құрылыс
ЖМ "Железнодорожный"

18 наурыз – игі істер күні

Биылғы жылы Наурыз мейрамын мерекелеу жаңа тұжырымдамаға сәйкес 14-23 наурыз аралығында он күн бойы өткізіледі.

Биыл Наурыз мерекесі "Қайырымды істер"ұранымен өтуде.

Мерекенің қазіргі тұжырымдамасы аясында " Қайырымды істер " жалпыұлттық марафоны өткізіледі, яғни аз қамтылған, көп балалы отбасыларға көмек көрсетіледі.

Бүгін 18 наурыз – игі істер күні.

Бұл күні әр адам мүмкіндігінше бір игі іс жасайды.

"SENIM" Денсаулық сақтау қызметкерлерінің кәсіподағы Нұр-сұлтан қаласының Қалалық фтизиопульмонология орталығының бастауыш кәсіподақ ұйымымен бірлесіп игі істер марафонына қатысады.

Қалалық фтизиопульмонология орталығының директоры Анна Борисовна Цепке ұжымды Наурыз мейрамымен құттықтады.

Барлық құрылымдық бөлімшелер үшін сыйлықтар сатып алынды. "SENIM" Денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподағының филиалы 20 азық-түлік пакетін ұсынды.

Барлық азық-түлік пакеттері көп балалы, сондай-ақ ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған қызметкерлерге берілді.

  • 01
  • 02
  • 03
  • 04
  • 05
  • 06
  • 07
  • 08
  • 09
new2.png
ҚАЛАЛЫҚ ФТИЗИОПУЛЬМОНОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ
Пациенттерді қолдау қызметі: 607-118
gcf.astana@mailto.kz
© Copyright 2024 DESIGN BY SITE-PRO.KZ. All Rights Reserved.