Центрдің жаңалықтары
Туберкулездің алдын алу айлығы - «СТОП туберкулез»!
Елордада 23 қазан мен 23 қараша аралығында туберкулезді ерте анықтауды қамтамасыз ету мақсатында «СТОП туберкулез» ұранымен кең ауқымды қалалық акциясы басталды.
«СOVID-19 пандемиясына байланысты 2020 жыл өз түзетулерін жасап, туберкулезді дер кезінде анықтауға бағытталған іс-шаралар көлеміне ықпал етті. Карантин кезеңінде өткен жылмен салыстырғанда туберкулезге алдын ала тексерілген адамдардың саны 20% - ға азайды. Туберкулезді анықтау 3 есе азайды. Бұл айлық қала халқын туберкулезге тексеруден өтуге, аурудың алдын алу және анықтау мәселелері бойынша білім деңгейін арттыруға шақыру», - дейді қалалық фтизиопульмонологиялық орталығының директоры Анна Цепке.
Акция барысында елорданың 6 мыңға жуық тұрғынын туберкулезге профилактикалық тексерумен қамту жоспарлануда.
Қала тұрғындарына тегін флюорографиялық тексеру аумақтарда жүргізіледі:
- тұрғын үй алаптарында (Промышленный, Тельман, Күйгенжар, Мичурино, Заречный, Пригородный, Железнодорожный, Өндіріс, Көктал кенттерінде және т.б.).
- қаланың сауда орталықтары мен базарлары ("Дәулет", "Артем", "Әлем", "Жаннұр", "Джафар", "Бахус", "Әсем", "Астықжан" сауда үйлері; Ұлжан, Бигшанхай, Орталық,Қамқор базарлары; Еуразия, Аружан, Хан шатыр сауда-ойын-сауық орталықтары және т.б.).
Флюорографиялық тексерумен қатар туберкулездің алдын алу мәселелері бойынша кеңес алуға болады. Қала тұрғындарының қолжетімділігін арттыру үшін демалыс күндері сағат 11:00-ден 15:00-ге дейін тексеруге болады.
Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің қолдауымен тұрақты тұратын жері жоқ адамдарға флюорографиялық тексеру жүргізу жоспарлануда. Мамандар консультациялық, оның ішінде туберкулез бойынша қауіп тобындағы адамдарға қашықтықтан көмек көрсететін болады.
Бүгін шараның бірінші күні жылжымалы флюорографтар Көктал – 1 (Ардагерлер көшесі 20, "Кировская" ОДА), Көктал – 2 (Ким көшесі 4, № 5 отбасылық денсаулық орталығы ауданы) тұрғын алабының тұрғындарына қызмет көрсетті.
Жылжымалы көліктің одан арғы бағыты туралы қосымша хабарланатын болады.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында туберкулезді бақылауда үлкен жетістіктерге қол жеткізілді. Бүгінгі таңда эпидемиологиялық жағдайды жақсартуда көрініс табатын туберкулезге қарсы бағдарламаны іске асырудың маңызды нәтижелері туралы айтуға болады.