Центрдің жаңалықтары
«Болашақ ұрпаққа таза ауа» акциясы
«Нұр-Сұлтан қ.туберкулезге қарсы диспансері» МКҚК-да 2018 жылдың 31 мамырында және 3 маусымында «Болашақ ұрпаққа таза ауа» атты ағаш отырғызу акциясы өтті.
40 дана қылқан жапырақты ағаш көшеттерінен 2 аллея отырғызылды.
Экологиялық тәрбие экологиялық мәдениетті дамытуда өзекті. Табиғатқа деген жауапкершілікті үнемі қалыптастыру қажет. Сондықтан, болашақ ұрпақтың экологиялық санасы мен ойлауын арттыру үшін «Санат әлемі» пациенттік ұйымының жастары мен ТҚД пациенттері ағаштарды отырғызуға тартылды.
Акцияның бастамашысы бас дәрігер Анна Борисовна Цепке болды:
Ағаш отырғызу және осы ағаштар болашақ ұрпағымызға сыйлық екенін білу қандай керемет. Менің ойымша, біртіндеп бізде қарағай орманы өседі. Мемлекет басшысы өз тәжірибесінің биіктігінен айтқандай,ұзақ мерзімді процестердің негізгі параметрлері бүгінгі таңда қаланып отыр.
Пациенттер аллеясы:
Қызметкерлер аллеясы: