Центрдің жаңалықтары
Туберкулез ауруына қарсы акция өтті
Астана қаласы «Еуразия» сауда орталығында Алматы ауданының әкімдігі, Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы, Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы мен Туберкулез ауруына қарсы диспансердің қолдауымен Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті ұйымдастырған туберкулезбен күрес айлығы аясында тамаша акция өткізді.
Халыққа әр түрлі іш-шаралар ұсынылды: туберкулез мәселелерін көтеретін керемет фото көрме. Біздің акциямыздың екінші бөлігі туберкулез ауруын ерте анықтауға арналды. Ол үшін жылжымалы флюрограф қойылды, флюрографиядан өтуге тілек білдіргендер көп болды, кәсіби мамандардың, фтизиатор дәрігерлердің кеңестері қол жетімді болды.
Біздің акциямыздың ұраны «Туберкулезді бірге жеңеміз!», «Бізге де туберкулезбен күреске үлесімізді қосатын кез келді» деген жазуы бар постерге барлық қатысушылар қол қойды.