60-71-22
АНЫҚТАМА
109
CALL CENTER
А1 к., 5 құрылыс
ЖМ "Железнодорожный"

Дүниежүзілік туберкулезбен күрес күніне арналған іс-шараға қатысқан қатысушыларды салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті

Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде "Алматы" ауданы әкімі аппаратының, "Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы" ММ "Нұр-Сұлтан қаласы туберкулезге қарсы диспансер" МКҚК, сонымен қатар Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ қолдауымен Дүниежүзілік туберкулезбен күрес күніне арналған іс-шараға қатысқан қатысушыларды салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті.

Астана және Ақмола облысы ЖОО 1000 жуық белсенді студенттері "Қоғамдағы туберкулезге қатысты кемсітушілік: жеке және әлеуметтік қауіптілік" тақырыбында эссе жазу байқауына, "2022 жылға дейін туберкулезбен күрес жөніндегі БҰҰ жоғары деңгейдегі отырысы" тақырыбындағы жоба мен "Фотодауыс" көрмесін қарау нәтижесі бойынша әлеуметтік бейнеролик жасауға қатысты. 

Іс-шараға 25 жұмыс ұсынылды. Ұйымдастыру комитетінің мүшелері қатысушыларға салауатты өмір салтын сақтауға және насихаттауға, туберкулезбен науқастанған тұлғаларға адамгершілікпен қарауға бағытталған белсенді азаматтық ұстанымдары үшін алғыс білдірді.

new2.png
ҚАЛАЛЫҚ ФТИЗИОПУЛЬМОНОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ
Пациенттерді қолдау қызметі: 607-118
gcf.astana@mailto.kz
© Copyright 2024 DESIGN BY SITE-PRO.KZ. All Rights Reserved.