60-71-22
АНЫҚТАМА
109
CALL CENTER
А1 к., 5 құрылыс
ЖМ "Железнодорожный"

Республикалық үйлестіру кеңесі

2025 жылғы 6-7 ақпанда  Алматы қаласында  "2024 жылдың қорытындысы бойынша ұлттық туберкулезге қарсы бағдарламаны іске асыру" республикалық үйлестіру кеңесі офлайн/онлайн форматта, ҚР ҰҒФО директоры М. М. Аденовтың төрағалығымен, "Қазақстандағы ТБ тоқтатайық" атты Ұлттық серіктестігі, ГФ ГРП, ОО "ҚАФ", фтизиопульмонология орталығының өңірлік бірінші басшылары, фтизиопульмонология орталығының ұйымдастыру - әдістемелік бөлімдерінің меңгерушілері, ұлттық туберкулез бағдарламасының консультанттары, туберкулез бағдарламасының халықаралық және ұлттық әріптестерімен бірлесе өтті.  

Үйлестіру кеңесінде 2024 жылдың қорытындысы шығарылды, Ұлттық туберкулез бағдарламасының тиімділігіне әсер ететін өзекті мәселелер талқыланды және «END TB» истратегиясын ескере отырып, басым мәселелерді шешу жөніндегі шаралар талқыланды.

Жұмыс топтарында туберкулез іс-шараларын басқару және Қазақстанның фтизиатриялық қызметін жаңғырту мәселелері, ұйымдастыру - әдістемелік жұмыс мәселелері, санэпидқызметімен бірлесіп туберкулез ошағында эпидемиологиялық тергеу алгоритмі талқыланды.

Үйлестіру кеңесіне қатысушылар ҚР-дағы ТБ ТОҚТАТУ серіктестігін дамыту перспективаларын және 2025 жылы сектораралық өзара іс-қимылды дамыту жоспарын талқылады.

  • 01
  • 02
  • 03
new2.png
ҚАЛАЛЫҚ ФТИЗИОПУЛЬМОНОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ
Пациенттерді қолдау қызметі: 607-118
gcf.astana@mailto.kz
© Copyright 2025 DESIGN BY SITE-PRO.KZ. All Rights Reserved.