60-71-22
АНЫҚТАМА
109
CALL CENTER
А1 к., 5 құрылыс
ЖМ "Железнодорожный"

Бактериялардың бөлінуімен түбіркүлездің асқынан жағдайына талдау жүргізілді

2024 жылдың 16 тамызында Астана қ. ҚФО-ның базасында қаланың құрылыс ұйымдарының бірінің көлік жүргізушісінде бактерия бөлінуі бар түбіркүлездің асқынған  жағдайына талдау жүргізілді. Онлайн және офлайн режимде талдауға ҚФО директоры - А.Б.Цепке, ҚФО директорының сапаны бақылау жөніндегі орынбасары, ҚФО директорының орынбасары, ҚФО ӨТБ-2 бөлімшесінің меңгерушісі,№8 ҚЕ ЖПД бөлімшесінің меңгерушісі, №8 қалалық емхананың учаскелік фтизиатры, ҚФО ЖАО тобы қатысты. Науқастың ауру сәтінен бастап (04.07.24 ж.бастап) түбіркүлез диагнозы қойылғанға дейінгі сырқат жолына мұқият талдау жүргізілді (11.07.2024 ж. дейін).

Талдау барысында аурудың тарихын мұқият және сапалы жинау қажеттілігіне, 8 жыл ішінде флюороскринингтің болмауына, науқасты ҚФО стационарына кеш жатқызуға, учаскелік фтизиатрдың бақылауының болмауына баса назар аударылды. Бүгінгі таңда науқастың жағдайы тұрақтанды, қақырықтың конверсиясы басталды. Барлық байланыс тұлғалары тексерілді, контактілер арасында ТБ жағдайлары анықталған жоқ. Жалпы түбіркүлезбен сырқаттанушылықтың төмендеуіне қарамастан, анықталған жағдайлардың құрылымында түбіркүлездің жедел үдемелі, жалпыланған және өкпеден тыс түрлерінің саны артып келеді. Сондықтан түбіркүлезден сақ болу керек.

  • IMG_2335
  • IMG_2337
new2.png
ҚАЛАЛЫҚ ФТИЗИОПУЛЬМОНОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ
Пациенттерді қолдау қызметі: 607-118
gcf.astana@mailto.kz
© Copyright 2024 DESIGN BY SITE-PRO.KZ. All Rights Reserved.