60-71-22
АНЫҚТАМА
109
CALL CENTER
А1 к., 5 құрылыс
ЖМ "Железнодорожный"

«Серіктестіктің күші: түбіркүлезді және АИТВ-ны бірге жеңу»

16.08.2024 ж. - жоспарланған ZOOM конференциясы өтті (Global Fund TB ұйымдастырушысы), тақырыбы: «Серіктестік күші: түбіркүлезді және АИТВ-ны бірге жеңу».

Түбіркүлез және АИТВ-инфекциясы - әлемдегі тұрғындар өлімінің жетекші себептерінің бірі болып табылады. Қазақстанда түбіркүлезбен ауыратын науқастар санының айтарлықтай төмендеуі аясында соңғы 10 жылда АИТВ жұқтырғандар санының өсуі байқалады. АИТВ - инфекциясымен (АИТВ) өмір сүретіндер санының артуы диагнозды анықтауды қиындатады және түбіркүлезді емдеудің тиімділігін төмендетеді, әсіресе АИТВ - инфекциясымен өмір сүретіндер АИТВ антиретровирустық терапиядан (АРТ) бас тартқан жағдайларда бұл күрделі ауыр ағымға және өлімнің басталуына әкеп соғады. АРТ АИТВ-мен ауыратын адамдар арасында түбіркүлездің алдын - алудың негізгі құралы болып табылады, тіпті АИТВ-инфекциясын емдеу қол жетімді болса да, түбіркүлездің даму қаупі жоғары.

Дегенмен, АРТ иммундық жүйенің қалпына келуіне көмектеседі және көп жағдайда түбіркүлездің алдын алады. Конференция барысында АИТВ - инфекциясымен өмір сүретіндер арасында түбіркүлез инфекциясын бақылау-профилактикалық емдеуді ұйымдастыруға, АИТВ - инфекциясымен өмір сүретіндерден «түбіркүлезді» уақтылы анықтау және диагноз қою мәселелеріне баса назар аударылды.

  • 01
  • 02
new2.png
ҚАЛАЛЫҚ ФТИЗИОПУЛЬМОНОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ
Пациенттерді қолдау қызметі: 607-118
gcf.astana@mailto.kz
© Copyright 2024 DESIGN BY SITE-PRO.KZ. All Rights Reserved.