Центрдің жаңалықтары
Астана қаласы халықаралық әуежайының қызметкерлеріне "Қазіргі кездегі туберкулезді анықтау және емдеу жолдары» туралы семинар өтті
Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті "Қалалық фтизиопульмонология орталығы" ШЖҚ МКК жоғары санатты фтизиатр дәрігері Ж.К. Ракишеваның қатысуымен Астана қаласы халықаралық әуежайының қызметкерлеріне "Қазіргі кездегі туберкулезді анықтау және емдеу жолдары» туралы семинар өтті.
Семинар барысында Ж.К. Ракишева туберкулездің алдын алуға бағытталған этиологиясы, эпидемиологиясы, клиникасы, диагностика әдістері және санитариялық-эпидемияға қарсы профилактикалық іс-шаралар туралы баяндады.
Сондай-ақ, ұтымды тамақтану, темекі шегуден, есірткіден, алкогольден бас тарту, еңбек және демалыс режимін сақтау, дене шынықтыру және спортпен шұғылдану, жеке гигиена, стресспен күресу, медициналық тексеруден үнемі өту және т. б. сияқты спецификалық емес профилактиканың маңызды элементтері атап өтілді.
Семинарға қатысушыларға ауа-тамшы жолымен берілетін жұқпалы аурулардың таралуының алдын алу туралы буклеттер мен жадынамалар таратылды.