60-71-22
АНЫҚТАМА
109
CALL CENTER
А1 к., 5 құрылыс
ЖМ "Железнодорожный"

Айлықтың қорытындысы

2024 жылдың 24 ақпаны мен 24 наурызы аралығында Қазақстан Республикасында Дүниежүзілік түбіркүлезге қарсы күрес күніне арналған айлық іс-шара өтті, оған медицина қызметкерлері мен Астана қаласының жұртшылығы «Біз түбіркүлезді жеңе аламыз», «Мы можем победить туберкулез», «Yes. We Can End TB» ұранымен белсенді қатысты.

Дүниежүзілік түбіркүлезге қарсы күрес күні жыл сайын 24 наурызда түбіркүлез туралы хабардарлықты арттыру және ауруды жою бойынша күш-жігерді арттыру мақсатында атап өтіледі.

Айлық іс-шара аясында тұрғындар арасында кең ауқымды ақпараттық - түсіндіру жұмыстары жүргізілді: мектептер, колледждер мен университеттердің оқушыларымен, емханалардағы халық арасында дәрістер мен әңгімелер, түбіркүлезді ерте диагностикалау және алдын алу мәселелері туралы медицина қызметкерлерімен семинарлар өткізілді; телевизиялық және радиохабарлар; жергілікті аудандық газеттерде түбіркүлез туралы мақалалар жарияланды. Қаланың барлық емханалары мен медициналық орталықтарында "ашық есік күндері" өтті, онда әрбір тілек білдіруші түбіркүлез мәселелерін білуге қатысты сауалнамадан өтіп, түбіркүлезге күдікті шағымдар болған кезде фтизиатр дәрігердің кеңесін ала алды.

04.03.24 жылы  № 77 мектеп оқушыларының қатысуымен "Ақ түймедақ" флешмобы өткізілді. Әлеуметтік желілерде "түбіркүлезді бірге тоқтатайық!"- ұранымен қаланың 10 емханасының денсаулық орталықтарының ерікті жастарының қатысуымен челлендж өткізілді.

16.03.24 жылы - жастар денсаулық орталықтарының қатысуымен Хан Шатыр сауда ойын-сауық орталығының аумағында стигмамен күресуге бағытталған "Фото дауыстар" көрмесін өткізуге орай "түбіркүлез жоқ" флешмобы өткізілді. СОО аумағында орталыққа келушілер мен қызметкерлер үшін флюоро-жылжымалы қондырғы орнатылды. "Жоғары тәуекел" тобындағы түбіркүлезді анықтау бойынша серіктес ретінде "Санат Әлемі" үкіметтік емес ұйымының аутрич қызметкерлерінің қатысуымен «жоғары тәуекел» тобындағы адамдарды тексеруге баса назар аудара отырып, флюорографиялық зерттеуді ұйымдастырумен  қаланың шалғай аудандарында  «Түбіркүлезді тоқтату!» ұранымен акция өткізілді. 536 өтініш берушіге тексеру жүргізілді.

ХҚКО-лар мен қоғамдық көліктерде түбіркүлез мәселелері бойынша бейнероликтерді ротациялау ұйымдастырылды. Әлеуметтік желілерде "медицина қызметкеріне сұрақ" айдары ұйымдастырылды-күн сайын түбіркүлез бойынша пайдалы ақпаратпен танысу мүмкіндігі болды.

24.03.24 жылы – "Біз түбіркүлезді жеңеміз!" ұранымен эстафета өткізілді, қаланың барлық емханаларының қатысуымен емханадан емханаға қала тұрғындары үшін түбіркүлез туралы ақпарат дауыс зорайтқыш арқылы берілді. Эстафета сағат 19.00-де елордамыздың символы- "Бәйтерек" монументінде аяқталды яғни түбіркүлезге қарсы күрестегі міндеттемені құрметтеу үшін монумент қызыл түспен жарықтандырылды.

Айлық іс – шара аяқталды, бірақ бұл бағыттағы жұмыс үздіксіз жалғасады. Тек осы күрестегі жалпы күш-жігердің арқасында біз түбіркүлезден зардап шеккен адамдардың аурушаңдығын, өлімін және стигматизациясын төмендету бойынша оң нәтижелерге қол жеткізе аламыз.

«Біз түбіркүлезді жеңе аламыз!»

new2.png
ҚАЛАЛЫҚ ФТИЗИОПУЛЬМОНОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ
Пациенттерді қолдау қызметі: 607-118
gcf.astana@mailto.kz
© Copyright 2024 DESIGN BY SITE-PRO.KZ. All Rights Reserved.