Центрдің жаңалықтары
Дүниежүзілік туберкулезбен күрес күніне арналған Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция жұмысын бастады
Бүгін, 24 наурызда Алматыда Дүниежүзілік туберкулезбен күрес күніне арналған және ДДСҰ-ның 2023 жылға арналған «Біз туберкулезді жеңе аламыз!» ұранымен, халықаралық мамандардың қатысуымен Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция жұмысын бастады.
Конференцияның мақсаты – 2023 жылы өтетін Дүниежүзілік туберкулезбен күрес күні – «Біз туберкулезді жеңе аламыз» ұранына сәйкес бүгінгі күннің қиындықтарымен тиімді күресуіміз қажеттігін баршаның есіне салу, шешім қабылдаушы тұлғалардың арасында туберкулездің әсері туралы хабардарлықты арттыру.
Мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуының, сондай-ақ денсаулық сақтау саласының өзекті проблемасы ретінде қоғамды туберкулезді жоюдың озық тәжірибелерін енгізу және таратуға жұмылдыру басты мақсаттың бірі.