60-71-22
АНЫҚТАМА
109
CALL CENTER
А1 к., 5 құрылыс
ЖМ "Железнодорожный"
Фтизиопульмонология орталығында Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын өтті.
Мемлекеттік мерекеге арналған іс-шара әнұранды орындаудан басталды. Сондай-ақ, қатысушыларға мереке тарихы туралы фильм көрсетілді.
Кейін салтанатты жиынды ашқан директор Анна Борисовна Цепке бүкіл ұжымның үйлесімді жұмысын атап өтіп, еліміздің басты мерекесімен құттықтады.
Салтанатты жиын аясында марапаттау рәсімі де өтті. Үздік қызметкерлерге елорда әкімі мен AMANAT партиясының атынан Құрмет грамоталары табысталды.
Іс-шараны Атамекен әнін ұжымдық орындаумен аяқтады.