60-71-22
АНЫҚТАМА
109
CALL CENTER
А1 к., 5 құрылыс
ЖМ "Железнодорожный"

ЖСН алған сәттен бастап кәмелетке толғанға дейінгі барлық балалар МӘМС жүйесінде мемлекет есебінен сақтандырылған

Бүгінгі күні еліміздің емханаларына 0 - ден 18 жасқа дейінгі (толық 17 жасқа дейінгі) 6,5 миллионнан астам бала тіркелген.

Олардың барлығы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) шеңберінде де, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесінде де мемлекет жарналарын төлейтін азаматтардың жеңілдетілген санаты ретінде медициналық қызметтерге толық қол жеткізе алады.

Айта кету керек, жыл сайын емханаға тіркелген балалар саны артып келеді. 2021 жылы емханаларға азырақ – 6,46 миллион бала тіркелген.

Сонымен қатар денсаулық сақтау жүйесінің балаларға профилактикалық және медициналық қызметтер көрсетуге арналған шығындары да артып келеді.

Бүгінде бір балаға медициналық көмек көрсетуге орта есеппен 65,8 мың теңге жұмсалады. Бұл өткен жылғы шығындардан 11,7 мыңға артық.

Жалпы, ағымдағы жылдың өткен 9 айында ғана Қор балаларға 324 млрд теңгеге медициналық қызмет көрсетуді қаржыландырды.

Қор мамандарының есептеуі бойынша 2022 жылы осы бағытта қаржыландырудың 33 пайызға өскенін көруге болады.

Бұл ретте шығыстардың негізгі үлесін амбулаториялық-емханалық көмек алады (53%). Ағымдағы жылдың 9 айында ол 232 млрд теңгеге көрсетілді.

Балаларға тағы қандай қызмет түрлері көрсетілгендігін және осы қызметтерге қанша қаражат жұмсалғанын, біздің кестеден көре аласыз.

  • 01
  • 02
  • 03
  • 04
  • 05
  • 06
  • 07
  • 08

 

new2.png
ҚАЛАЛЫҚ ФТИЗИОПУЛЬМОНОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ
Пациенттерді қолдау қызметі: 607-118
gcf.astana@mailto.kz
© Copyright 2024 DESIGN BY SITE-PRO.KZ. All Rights Reserved.