Центрдің жаңалықтары
Елордада кви бойынша эпидемиологиялық ахуал қандай?
Бүгін қалалық әкімдікте короновирустық инфекцияның таралуы мен қазіргі жағдайы бойынша мәселелер талқыланды.
Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратовтың айтуынша, қалада ағымдағы жылдың 22 маусымынан бастап коронавирустық инфекцияның өсуі байқалады.
«145 адам инфекциялық стационарларда, төсек орындарының жүктелуі 36,8% құрайды. Реанимация бөлімшесінде 11 пациент ем алуда, оның ішінде ИВЛ аппаратында – 0, жүктемелігі - 21,5%. Ем алып жатқан пациенттердің арасында 95 адам КВИ-ға қарсы екпе алмаған, бұрын вакцинацияланғандар саны -48. Соңғы 3 аптада орташа есеппен тәулігіне 100 жағдай тіркеліп, 12 адам ауруханаға жатқызылады», - деп атап өтті ол.
Іс-шара Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Бекмурзаевтың төрағалығымен өтті. Жиынға «Нұр-Сұлтан қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті» РММ басшысы Сархат Бейсенова және қалалық емханалар мен ауруханалардың директорлары қатысты.
Айта кетейік, қазіргі уақытта елордада 7 инфекциялық стационар жұмыс істейді, олардың төсек-орын сыйымдылығы - 394, оның ішінде КВИ емдеуге арналған 51 реанимациялық төсек-орын жабдығы бар.