Центрдің жаңалықтары
Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету ұйымдарының мамандары арасында туберкулезді ерте анықтау бойынша аттестаттауды өткізді
Елордалық фтизиопульмонология орталығының қызметкерлері алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету ұйымдарының мамандары арасында туберкулезді ерте анықтау бойынша аттестаттауды өткізді. Бұған дейін емханалардың мамандары үшін тиісті оқыту жүргізілген болатын.
Бүгінгі таңда туберкулезбен күрес және осы аурудың таралуын бақылау бүкіл әлемдегі денсаулық сақтаудың маңызды міндеттерінің бірі болып қала береді. Туберкулезді уақтылы анықтау туберкулез инфекциясының халық арасында таралуына кедергі келтіретін және науқастарды емдеудің қолайлы нәтижесінің ықтималдығын арттыратын негізгі іс-шаралардың бірі болып табылады.
Елорданың туберкулезге қарсы қызметінің жұмысы сапалы медициналық көмек көрсетудің мемлекеттік кепілдіктерін қамтамасыз етуге, туберкулездің алдын алу және анықтау бойынша емдеу-профилактикалық мекемелерінің қызметін оңтайландыруға, туберкулезден болатын өлім-жітімді азайтуға бағытталған.