Қалалық фтизиопульмонология орталығының қызметкерлері "Баланы мектепке жина!" акциясына қатысып ҚФО - дағы балаларға сыйлықтар табыс етті. Биыл балалар бөлімінде 2 бірінші сынып оқушысы бар.
Сіздерді Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Сіздерге және сіздердің жақындарыңызға мықты деңсаулық, бақыт және біздің жас, егемен еліміздін игілігі үшін мол табыстар мен жетістіктерді тілейміз!
Мемлекетімізде бейбітшілік пен береке болсын.
2022 жылғы 25 тамызда, сырттай дауыс беру нысанында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ШЖҚ МКК Байқау Кеңесінің төртінші отырысы болып өтті.
- Кәсіпорын инфекциялық блогының ұйымдастыру құрылымын бекіту туралы.
- Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ШЖҚ МКК 2021ж. арналған алдын-ала жылдық қаржылық есебін бекіту туралы
- Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ШЖҚ МКК 2021ж. арналған даму жоспарының орындалуы туралы Есепті келісу жөнінде.
- Кәсіпорын Жарғысына өзгерістерді енгізуді келісу.
Ұсынылған қол қойылған бюллетеньдердің нәтижелері бойынша сырттай дауыс беру жөніндегі тиісті шешімдер қабылданды.
Елордалық медициналық ұйымдарда Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығының қызметкерлері мен Алматы қаласының Жаһандық Қорының мамандары туберкулезге қарсы іс-шаралардың орындалуына мониторинг жүргізеді.