Астана қаласы әкімдігінің «Қалалық фтизопульмонологиялық орталығы» ШЖҚ МКК қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы АНОНС.
2023 жылғы 22 мамырдан 2023 жылғы 21 маусымға дейін Астана қаласы әкімдігінің «Қалалық фтизопульмонологиялық орталығы» ШЖҚ МКК сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетін болады.
Орталық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:
1) орталықтың қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2) орталықтың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Астана қаласы әкімдігінің "Қалалық фтизиопульмонология орталығы" ШЖҚ МКК Бақылау кеңесінің үшінші отырысы 2023 жылғы 4 мамырда сағат 11-де офлайн режимде өтті. Мекен-жайы: Астана қаласы, А1 көшесі, 5 ғимарат, Б блогы.
Отырыстың күн тәртібі:
- Кәсіпорынның клиникалық-биохимиялық зертханасының қызметтерін аутсорсингке беруді қарау және келісу туралы.
- Ұйымдық құрылымды бекіту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет офицері лауазымын штат кестесіне енгізуді қарау және кәсіпорынның штат кестесін келісім беру туралы.
- Кәсіпорынның даму жоспары жобасының параметрлерін қарау және келісім беру, 2023 жылдың 1-жартыжылдығында нақтылау туралы.
- Кәсіпорынның ішкі аудит қызметінің ережесі мен жұмыс жоспарын бекіту туралы.
- Кәсіпорынның сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметі туралы ережені қарау және бекіту туралы.
Талқылаулардан кейін күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.
2023 жылғы 31 наурызда сағат 11-де Астана қ., А1 көшесі, 5 ғимарат, Б блогы мекенжайы бойынша Астана қаласы әкімдігінің «Қалалық фтизиопульмонологиялық орталығы» ШЖҚ МКК Байқау кеңесінің екінші бетпе-бет отырысы болып өтті.
Отырыстың күн тәртібі:
- 2023 жылға ұйымдастыру құрылымын бекіту және Кәсіпорынның штаттық санын келісу.
- Кәсіпорынның Ұжымдық шартына қосымша келісімді келісу туралы.
- Кәсіпорын қызметкерлерінің лауазымдық жалақыларына жаңа коефициенттерді қолдану туралы;
2023 жылғы 29 наурызда 2023 жылы бірінші рет Астана қаласы әкімдігінің «Қалалық фтизиопульмонологиялық орталығы» ШЖҚ МКК сырттай дауыс беру түріндегі байқау кеңесінің отырысы болып өтті.
- Астана қаласы әкімдігінің «Қалалық фтизиопульмонологиялық орталығы» ШЖҚ МКК Байқау кеңесі алдыңғы шешімдерінің орындалуы туралы.
- 2022 жылға Астана қаласы әкімдігінің «Қалалық фтизиопульмонологиялық орталығы» ШЖҚ МКК қаржылық есептілік аудитін өткізу үшін аудиторлық ұйым қызметінің төлем мөлшерін анықтау туралы.
Сыртай дауыс беру бойынша ұсынылған қол қойылған бюллетеньдердің нәтижелері бойынша тиісті шешім қабылданды.