30 күн-30 сұрақ
Туберкулезбен ауыру қаупі бар кім?
Дәрігерге жиі қойылатын сұрақтардың бірі - неге біреуі туберкулезбен ауырады, ал екіншісі жоқ?
Туберкулезбен жиі ауыратын халық тобы бар ма?
Жауап-иә. Әрине, туберкулез ауруына қатысты жоғары қауіпті топтар бар.
Оларға мыналар жатады:
1) бактерия бөлуіне қарамастан, туберкулезбен ауыратын науқаспен байланыста болған адамдар. Бұл тек науқаспен тікелей тұратын отбасы мүшелері ғана емес, сонымен бірге науқаспен қарым-қатынас жасайтын туыстары, оның әріптестері, сыныптастары немесе колледждерде, университеттерде бірге оқитын тұлғалар.
2) өкпенің созылмалы обструктивті ауруларымен, қант диабетімен, алкоголизммен, нашақорлықпен, АИТВ/ЖИТС диспансерлік есепте тұрған және иммуносупрессивті терапия алатын адамдар;
3) кез келген этиологиядағы, яғни кез келген аурудан кейінгі өкпеде қалдық құбылыстары бар адамдар
4) қамау орындарынан босатылған адамдар.
Яғни, бұл топтар көбінесе туберкулезбен ауыру қаупіне ие және жыл сайын флюорографиялық тексеруден өтуі керек!
Бірақ бәріне белгілі фраза: "менің отбасымда жоқ еді!"
Туберкулез мұрагерлік жолмен келеді ме, оны ертен айтамыз...